ШҚО ПД қызметкері әлем чемпионатында екі қола медаль иеленді

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    ШҚО ПД қызметкері әлем чемпионатында екі қола медаль иеленді

    ШҚО ПД қызметкері әлем чемпионатында екі қола медаль иеленді

    Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің Қаржымен қамтамасыз ету басқармасының бастығы полиция майоры Павел Обедков стритлифтинг және көлбеу орындықта штанга жимінен өткен WSLF 2026 әлем чемпионатында екі қола медальді қанжығасына байлады.

    Әлем біріншілігі 8-12 қыркүйек аралығында Қырғыз Республикасының Ыстықкөл облысы Бостери ауылында өтті. Павел Александрович Қазақстан Республикасының құрама командасы сапында өнер көрсетіп, халықаралық спорт аренасында еліміздің намысын қорғады.

    Жарыс қорытындысы бойынша ШҚО ПД қызметкері екі санат бойынша қола жүлдеге ие болып, өзінің күш-қуатын, төзімділігін және жоғары дене дайындығын көрсетті.

    Полиция майорының халықаралық деңгейдегі жарысқа қатысуы ведомстволық спортты дамыту және Қазақстан Республикасы ІІМ-нің «ARLAN» спорт клубының қызметі аясында жүзеге асты.

    Құқық қорғау органдары қызметкерлері үшін спорт — тек жарыс пен жеке жетістік қана емес. Тұрақты жаттығу дене дайындығын шыңдап, тәртіптілікке, мақсатқа ұмтылуға және мінезді қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл қасиеттер күнделікті қызметте де маңызды.

    Полицейдің бұл жеңісі кәсіби қызмет пен спортқа деген қызығушылықтың жоғары нәтижелерге жетуге және государственный орган мен ел намысын халықаралық аренада лайықты қорғауға мүмкіндік беретінінің жарқын мысалы болды.

    Павел Александровичті лайықты марапаттарымен құттықтап, жаңа жеңістер, зор денсаулық және қызмет пен спортта толағай табыстар тілейміз!

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары