Достық туралы диалог

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Достық туралы диалог

    Петропавл қаласының № 1 орта мектебінде Б.Қ. Базарбаев 10 «Б» сынып оқушыларымен кездесті.

    Тақырыбы – этносаралық жанжалдардың алдын алу және қоғамдық келісімді нығайту.

    Кездесу интерактивті форматта өтті. Оқушылар әңгімеге араласты. Өздерінің өмірлік тәжірибелеріне сүйене отырып, тапсырмаларды орындады.

    Спикер өздік сыни ойлауды қалыптастырудың маңызын атады.

    Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясына және этносаралық бірлік пен қоғамдық келісім мәселелерін реттемелеуші басқа да заңдар баса назарға алынды.

    Мұндай кездесулер мектепте тұрақты өткізіліп, этносаралық келісімді нығайту мақсатында білім беру, мәдени және қоғамдық бастамаларды іске асыруға бағытталған «Мұрат Айтхожин атындағы № 1 орта мектеп» КММ және «Қоғамдық келісім» КММ арасындағы ынтымақтастық туралы келісімді орындау үлгісі болып табылады.

    Е.Р. Аракеловаға кездесуді өткізуге көмектескені үшін алғыс айтамыз

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары