1 / 3
«ЛОРД» лицейінде 10–11-сынып оқушыларына арналған профилактикалық кездесу өтті.
Іс-шара қонақтары — «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Базарбаев Болат Касенович және СҚО Шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің «Вайнах» жастар қанатының жетекшісі Эдилов Дениэл болды.
Кездесу барысында этносаралық келісім, өзара құрмет, толеранттылық, сондай-ақ кемсітушілік пен ұлтаралық араздықты қоздыру әрекеттері үшін жауапкершілік мәселелері талқыланды.
Жастардың бейбітшілікті сақтаудағы, қоғамдық бірлікті нығайтудағы және өзара сыйластыққа негізделген қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудағы рөліне ерекше назар аударылды!







