«Эрудиты» және «Юные читатели» атты екі команда Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде әдеби квизде кездесті.
Әлем, қазақ және орыс әдебиеті туралы мол білім – ойынға сәтті қатысудың басты талабы болды.
Команда қатысушыларының белсенділігі айтарлықтай қуантты. Бұл жерде командалар капитандары: Екатерина Титова мен Сергей Бухониннің рөлі зор болды.
КВИЗ қатысушылары мен олардың жанкүйерлерін «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Б.Қ. Базарбаев, «Радзіма» Солтүстік Қазақстан белорус этномәдени бірлестігі» ҚБ төрайымы М.П. Татаренко және «Кентрон» Солтүстік Қазақстан армян этномәдени бірлестігі» ҚБ төрағасының орынбасары С.С. Малхасян құттықтады.
С.С. Малхасянның айтуынша, сауатты әрі әдепті адам ешқашан заңға қайшы әрекетке бармайды, өзгенің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірмейді. Сондықтан кітаптарды жиі оқу керек. Ең бастысы, кітаптар тәлімгер, дос және көмекші ретінде болғаны жөн.
Командалар мен капитандар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Кездесуді ұйымдастырғаны үшін Жоғары құрылыс-экономикалық колледжіне алғыс айтамыз.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









