
Қамқорлық пен қолдауды қажет ететін жандарға көңіл бөлу – этномәдени бірлестіктер мен «Жомарт жан» орталығының көп жылдан бері жалғасып келе жатқан игі дәстүрі.
«Кентрон» Солтүстік Қазақстан облыстық армян этномәдени бірлестігі» төрағасының орынбасары Светлана Малхасян 1 қазанда Татьяна Михайловна Агапованың үйіне барды.
Гүл шоғы, мерекелік азық-түлік себеті мен әдемі орамал – осындай ықылас Татьяна Михайловнаға ерекше қуаныш сыйлады.
Әңгіме барысында ол өз өмірі, көңілін алаңдататын мәселелер мен уайымдары туралы бөлісті. Светлана Степановна Татьяна Михайловнаға зор денсаулық тіледі.
Даналық пен өмірлік тәжірибенің алтын жасына жеткен жандармен кездесулер Қарттарды қолдау айлығы бойы жалғасын табады.








