
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ қолдауымен «Қоғамдық келісім» КММ «Бірлік пен келісім – кемел келешек кепілі!» атты облыстық коуч-сессия ұйымдастырды.
Іс-шараға этномәдени бірлестіктердің, «Ақсақалдар кеңесі» мен «Аналар кеңесінің» өкілдері, сондай-ақ колледждердің әлеуметтік педагогтары қатысты.
Қатысушылар қазақстандық бірегейлік, қоғамдық келісім, этносаралық өзара іс-қимыл, жастармен жұмыс, медиация және әлеуметтік желілердегі байланыс мәселелерін талқыға салды.
Шақырылған сарапшылар диалогты нығайту, жанжалды жағдайлардың алдын алу және этномәдени бірлестіктердің жұмысын жандандыру бойынша тәжірибелік ұсыныдармен және тәжірибемен бөлісті.









