Петропавл қаласындағы № 21 мектепте этносаралық қатынастар мәселелері жөнінде түсіндіру кездесуі өтті

    1 / 2

    Қоғамдық келісімді нығайту және этносаралық жанжалд ардың алдын алу бағытындағы жұмыс аясында Петропавл қаласындағы № 21 мектептің 9 «А» сынып оқушыларымен түсіндіру жұмысы жүргізілді.

    Кездесуді «Дуслык» Солтүстік Қазақстан облыстық татар-башқұрт этномәдени бірлестігі » ҚБ белсендісі Зулейха Бикметова өткізді.

    Оқушыларға әртүрлі этнос өкілдеріне құрметпен қараудың, қоғамдағы этносаралық келісім мен өзара түсіністікті сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді.

    Кездесу барысында араздық тілі тақырыбына ерекше назар аударылды. Оқушыларға қорлайтын сөздер, стереотиптер мен арандатушылық сипаттағы хабарламалардың жанжалдардың туындауына қалай әсер ететінін ашатын тақырыптық фильмнен үзінді көрсетілді.

    Сонымен қатар қарым-қатынас мәдениеті, өз сөздері мен әлеуметтік желілердегі әрекеттері үшін жауапкершілік, сондай-ақ этносаралық негіздегі жанжалды жағдайларға жол бермеу мәселелері талқыланды.

    Мұндай кездесулер жастардың этносаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға, өз сөздеріне жауапкершілікпен қарауына және бірлік пен өзара құрмет құндылықтарын нығайтуға бағытталған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстiк Қазақстан облысы әкімдігінің iшкi саясат басқармасы" жаңалықтары