23–24 қараша күндері Петропавл қаласында «Медиация негіздері: этносаралық қақтығыстардың алдын алу» тақырыбында облыстық семинар-тренинг өтті. Іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың, құқық қорғау құрылымдарының қызметкерлері, педагогтер және этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.
ТренингтердіҚазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Әсет Әбжақов, заң ғылымдарының кандидаты, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің аға оқытушысы Гүлбахша Мұсабаева, сондай-ақ «Демеу» Балалық шақ мәселелері жөніндегі үйлестіру орталығы» ЖМҰ психологы, полиграфолог Имир Болатович Дулатов жүргізді.
Семинар барысында қатысушылар мемлекеттік этносаясат негіздерімен, елдегі этносаралық ахуал мониторингінің нәтижелерімен және дауларды реттеудің құқықтық тетіктерімен танысты. Сондай-ақ тиімді коммуникация, эмоционалдық интеллект және агрессивті көзқарастағы топтармен жұмыс істеу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бағдарлама аясында этносаралық қатынастар саласындағы психологиялық аспектілерге арналған сабақ өткізіліп, онда жанжалды жағдайларды қабылдау ерекшеліктері мен адамдар арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері қарастырылды.
Сабақтар топтық тапсырмалар мен практикалық жағдайларды талдау форматында өтті. Бұл қатысушыларға теориялық білім алып қана қоймай, медиацияның тәжірибелік құралдарымен де танысуға мүмкіндік берді.
Оқу қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды. Ұйымдастырушылар кез келген келіспеушілікті оның салдарымен күрескеннен гөрі, өзара диалог арқылы шешу әлдеқайда тиімді екенін атап өтті. Ал қоғамдағы келісім бір-біріне деген құрметтен басталады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









