Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті·Жаңалықтар мұрағаты
Құлан популяциясын сақтау және оның табиғи таралу аймағын кеңейту мақсатында Алтын-Емел мемлекеттік ұлттық табиғи паркінен Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерватына құландар көшірілді. Жануарлар жаңа аумаққа жеткізіліп, табиғи ортаға жіберілді. Алдағы уақытта мамандар олардың жаңа мекенге бейімделуін, қозғалысы мен жалпы жағдайын бақылауды жалғастырады. Бұл жұмыс құланның табиғи популяциясын қалпына келтіруге, таралу аумағын кеңейтуге және Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтауға бағытталған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









