Алматыда «Патологтар мектебі - 2026» өтті

    Алматыда «Патологтар мектебі - 2026» өтті

    Алматыда Алматы онкология орталығы «Алматы онкоморфологтары қауымдастығы» Қоғамдық бірлестігімен бірлесіп ұйымдастырған ғылыми-практикалық «Патологтар мектебі - 2026» өтті.

    Ғылыми бағдарлама аясында сарапшылар өкпенің ұсақ жасушалы емес қатерлі ісігін диагностикалаудың заманауи тәсілдерін, EGFR тестілеуін, TROP2 қолдану перспективаларын, сондай-ақ цифрлық патоморфологияны дамытуды және диагностикада жасанды интеллектті қолдануды талқылады.

    Бағдарламаның үлкен блогы сүт безі қатерлі ісігіне арналды. Қатысушылар HER2-байланысты және HER2-low ісіктерін диагностикалау ерекшеліктерін, BRCA және HRD тестілеудің заманауи тәсілдерін және Dual SISH әдісін қолдану мүмкіндіктерін қарастырды.

    Тәжірибелік жұмысқа ерекше назар аударылды: мамандар күрделі клиникалық жағдайларды талдап, нақты мысалдармен диагностикалық алгоритмдерді талқылай отырып, микроскопиялық демонстрациялар жүргізді.

    Сондай-ақ қатысушылар зертханалық процестерді стандарттау және диагностика сапасын арттыру мәселелерін талқылады. Іс-шараға патолог-практиктер мен бейінді сарапшылар қатысып, заманауи тәсілдер мен кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.

    «Патологтар мектебі - 2026» білім мен практикалық тәжірибе алмасу, онкоморфологияның заманауи мүмкіндіктерін талқылау және диагностика сапасын одан әрі арттыру алаңына айналды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" жаңалықтары