Көлік құралдарына салынатын салықты төлеу мерзімі және көлік құралын есептен шығару тәртібі

    Көлік құралдарына салынатын салықты төлеу мерзімі және көлік құралын есептен шығару тәртібі

    Көлік салығын қашан төлеу қажет?

    Жеке тұлғалар көлік құралдарына салынатын салықты есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей төлеуге тиіс. Мысалы, 2026 жылға есептелген салықты 2027 жылғы 1 сәуірге дейін төлеу қажет.

    Салық қалай есептеледі?

    Салық көлік құралына меншік құқығы болған нақты кезең үшін есептеледі:

    көлік құралын сатып алған жағдайда – меншік құқығы туындаған айдың 1-күнінен бастап;

    көлік құралын сатқан немесе өзге тәсілмен иеліктен шығарған жағдайда – меншік құқығы тоқтатылған айдың 1-күніне дейін.

    Көлік құралын есептен шығарғанда не болады?

    Егер көлік құралы сатылып, меншік құқығы жаңа иесіне рәсімделсе, бұрынғы иесіне салық тек көлікке нақты иелік еткен кезең үшін ғана есептеледі.

    Салықты уақытында төлемеген жағдайда не болады?

    Салықты белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда, кешіктірілген әр күн үшін өсімпұл есептеледі.

    Салық сомасын қалай білуге болады?

    Салық сомасын келесі сервистер арқылы тексеруге болады:

    E-Salyq Azamat мобильді қосымшасы;
    мемлекеттік кірістер органдарының электрондық сервистері;
    екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары.

    Өсімпұл есептелуіне жол бермеу үшін салық міндеттемелерін уақытылы тексеріп, төлемді белгіленген мерзімде жүргізуді ұсынамыз.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары