Командалық-штабтық жұмылдыру жаттығуы

    Командалық-штабтық жұмылдыру жаттығуы

    Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін даярлау жоспарына және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің негізгі іс-шараларының жоспар-күнтізбесіне сәйкес, 2026 жылғы 8 қыркүйекте Алматы облысының аумақтық қорғаныс күштері мен құралдарымен, аудандар мен қалалардың әкімдіктерімен, облыстық қызметтермен командалық-штабтық жұмылдыру жаттығуы өткізілді.

    Жаттығу барысында облыстық жедел штабтың «Аумақтық қорғаныс күштері мен құралдарын жоғары жауынгерлік әзірлік дәрежелеріне келтіру. Әскери жағдай режимі енгізілген кезде Алматы облысы Қорғаныс кеңесінің жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында отырысы өткізілді.

    Жаттығудың мақсаты — басқару органдарының әзірлігін, ақпарат алмасу тәртібін, шешімдердің уақтылы қабылдануын, сондай-ақ жауапты лауазымды тұлғалар арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыруды тексеру.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Алматы облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары