
2026 жылғы 24 қыркүйекте Алматы облысында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары – Аумақтық қорғаныс департаментінің бастығы, генерал-майор А. Жоламановтың төрағалығымен әскерге шақыру науқанын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша кеңес өтті.
Кеңеске облыстық әскерге шақыру комиссиясының мүшелері, облыстың аудандары мен қалаларының әскерге шақыру комиссияларының төрағалары, сондай-ақ облыстық ішкі саясат және жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының өкілдері қатысты.
Кеңес барысында Алматы облысында жүргізіліп жатқан әскерге шақыру науқанының барысы, туындаған проблемалық мәселелер, атқарылған жұмыстар, сондай-ақ алдағы міндеттер қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша генерал-майор А. Жоламанов Алматы облысында әскерге шақыру науқаны аясында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысып, жауапты тұлғаларға тиісті міндеттер жүктеді.






