АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУ ӨТТІ.

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУ ӨТТІ.

    АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУ ӨТТІ.

    Бүгін Аққұм ауыл округіндегі Мәдениет сарайында сағат 10:00-де Аққұм ауыл округі әкімі Жанжигитова Нұрсұлу Беделханқызының ауыл тұрғындарымен кезекті кездесу жиыны өтті.

    Кездесуге ауылдық округтің полиция қызметкері Алшериев Әл-Фараби, ауыл мешітінің имамы Құттыбек Балқыбек ұстаз, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ашықбай Дүйсен қариямыз, ауылдың белсенді ақсақалдары мен тұрғындары, сондай-ақ әр мекеме басшылары қатысты.

    Жиын барысында ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық жағдайы, елді мекендегі тазалық, абаттандыру, қоғамдық тәртіп, инфрақұрылым және тұрғындарды толғандырып отырған өзге де өзекті мәселелер кеңінен талқыланды.

    Кездесу барысында ауыл тұрғындары өздерін алаңдатып отырған мәселелерін ортаға салып, ұсыныс-пікірлері мен арыз-шағымдарын жеткізді. Ауыл әкімі тұрғындардың көтерген мәселелерін мұқият тыңдап, әрбір ұсыныс назарға алынатынын атап өтті.

    Сонымен қатар, айтылған мәселелердің заң аясында шешілу жолдары қарастырылып, тиісті мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Әкімдік тарапынан тұрғындардың өтініштері бойынша алдағы уақытта тиісті жұмыстар жүргізіліп, мәселелердің орындалуы бақылауда болатыны айтылды.

    Жиын соңында ауыл әкімі Нұрсұлу Беделханқызы ауыл тұрғындарын ауызбіршілікке, елді мекеннің тазалығы мен көркейту жұмыстарына белсенді атсалысуға шақырып, тұрғындармен осындай ашық форматтағы кездесулер алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.

    Кездесу барысында көтерілген мәселелер – ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін ескере отырып, елді мекеннің әл-ауқатын арттыруға бағытталған жұмыстардың маңызды бөлігі болып табылады.
    Аққұм ауыл округі әкімшілігі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары