1 / 5
ТАРИХИ МҰРАЛАРДЫ ҚОРҒАУ – ҰРПАҚҚА АМАНАТ
Аққұм ауылы С. Сейфуллин атындағы мектепте тарихи-мәдени мұраларды қорғау және сақтау тақырыбында танымдық іс-шара өтті.
Іс-шараға аудандық мұражай мамандары қатысып, оқушыларға тарихи ескерткіштердің маңыздылығы, ұлттық құндылықтарды сақтау, тарихи мұраларды қорғау және келер ұрпаққа жеткізу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында оқушыларға туған өлкенің тарихын танып-білудің маңыздылығы айтылып, тарихи мұраларға құрметпен қарау қажеттігі түсіндірілді.
Мұндай тағылымды іс-шаралар жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырып, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеуге бағытталған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








