🌿 «Таза Қазақстан – Таза аймақ» акциясы аясында тазалық жұмыстары жүргізілді

    1 / 4

    🌿 «Таза Қазақстан – Таза аймақ» акциясы аясында тазалық жұмыстары жүргізілді
    Аққұм ауылында «Таза Қазақстан – Таза аймақ» республикалық экологиялық акциясы аясында ауыл аумағын абаттандыру, тазалықты сақтау және қоршаған ортаны қорғау мақсатында бірқатар тазалық жұмыстары жүргізілді.
    Іс-шара барысында белгіленген аумақтар тазаланып, санитарлық тазалық жұмыстары атқарылды. Аталған шараның негізгі мақсаты – ауылдың көркін арттыру, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаға деген жауапкершілікті нығайту.
    Тазалық – баршамызға ортақ міндет. Ауылымы­здың таза әрі көрікті болуы әрбір тұрғынның белсенділігі мен жанашырлығына байланысты.
    Таза ауыл – жарқын болашақ кепілі!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысы Отырар ауданы Аққұм ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары