Аққұм ауылында көмір, газ қауіпсіздігі шаралары жүргізілді.

    1 / 4

    Аққұм ауылында көмір, газ қауіпсіздігі шаралары жүргізілді.
    Аққұм ауыл округінде қысқы жылыту маусымына дайындық аясында әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жұмыстар жүргізілді.
    Атап айтқанда, жалғызбасты және атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатын ауыл тұрғындарының үйлеріне газдан улану қаупінің алдын алу мақсатында газ сигнализаторлары орнатылды.
    Аталған құрылғылар тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғауға, тұрмыстық қауіпсіздікті арттыруға және қысқы жылыту маусымында орын алуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған.
    Тұрғындардың қауіпсіздігі – басты назарда!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысы Отырар ауданы Аққұм ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары