«Қазақстан Республикасындағы орта және жоғары білім беру жүйесіндегі зайырлылық қағидаттары»
Өткізілген орны: Аққұм ауыл округі әкімшілігі
Қатысушылар: Аққұм ауыл округінің әкімі, әкімшілік аппарат қызметкерлері, мекеме басшылары, және ауыл тұрғындары.
Қазақстан Республикасындағы орта және жоғары білім беру жүйесіндегі зайырлылық қағидаттарын түсіндіру, діни сенім бостандығы мен зайырлы білім берудің маңыздылығын насихаттау.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндама жасалып, Қазақстан Республикасының зайырлы мемлекет екендігі және білім беру жүйесінде зайырлылық қағидаттарының сақталуы туралы кеңінен түсіндірілді.
Жиын барысында орта және жоғары білім беру ұйымдарында білім алушылардың діни сеніміне қарамастан тең құқықтарға ие екендігі, әрбір азаматтың ар-ождан және діни сенім бостандығы Конституциямен қорғалатыны атап өтілді.
Сонымен қатар зайырлылықтың дінге қарсы бағыт емес екендігі, керісінше, қоғамдағы өзара сыйластықты, толеранттылықты, дінаралық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ететін маңызды қағидат екендігі түсіндірілді.
Жастар арасында діни сауаттылықты арттыру, теріс діни ағымдардың ықпалына түсудің алдын алу, интернет кеңістігіндегі күмәнді ақпараттарға сыни көзқараспен қарау мәселелері қозғалды.
ЖИНАЛЫС БАРЫСЫНДА:
Қатысушыларға білім беру саласындағы зайырлылық қағидаттарын сақтау, заң талаптарын құрметтеу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырудың маңыздылығы айтылды.
ҚАУЛЫ ЕТІЛДІ:
1. Қазақстан Республикасындағы зайырлылық қағидаттарын сақтау бағытындағы түсіндіру жұмыстары жалғастырылсын.
2. Жастар арасында діни сауаттылықты арттыру және теріс діни ағымдардың алдын алу жұмыстары күшейтілсін.
3. Білім беру ұйымдарында ұлттық құндылықтар мен адамгершілік тәрбиені насихаттау жұмыстары жүргізілсін.
4. Тұрғындар арасында діни сенім бостандығы мен заң талаптарын түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде ұйымдастырылсын.
Жиын төрайымы: Жанжигитова Нұрсұлу
Хатшы: Алпысбаева Улбола
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









