Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 16 маусымдағы № 52 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының 124-тармағына сәйкес МЖӘ
веб-порталы арқылы электрондық конкурстық өтінімді енгізген әлеуетті жекеше әріптестер конкурстық өтінімді қағаз түрінде қайталамауға тиіс.
Осылайша, МЖӘ веб-порталы арқылы электрондық конкурстық өтінімді енгізген әлеуетті жекеше әріптестер конкурстық өтінімді қағаз түрінде қайталамауы тиіс.
Конкурстық өтінімдердің конверттерін ашу рәсімдері конкурстық құжаттамаға енгізілген және оған қоса берілетін құжаттарды қарау электрондық қол қою арқылы қол қойылған тиісті хаттамаларды жариялай отырып, МЖӘ веб-порталы арқылы да жүзеге асырылады.