Кәсіпкерлік субъектілерін жоспардан тыс тексерулер қандай жағдайларда мүмкін?

    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

    Сұрақ

    Кәсіпкерлік субъектілерін жоспардан тыс тексерулер қандай жағдайларда мүмкін?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабының 4-тармағына сәйкес бақылау және қадағалау органы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнген тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында, нақты бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты жоспардан тыс тексеруді тағайындауға негіз болған нақты фактілер мен мән-жайлар бойынша тағайындайтын тексеру жоспардан тыс тексеру болып табылады.

    Бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) жоспардан тыс тексерудің негіздері:

    1) тергеп-тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жоюды бақылау;

    2) егер бақылау мен қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты бір реттен көп ұсынбаса және (немесе) бұзушылықтарды жоймаса, тексеру және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау;

    2-1) жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын бұзушылықтарды жоюды бақылау;

    3) дәлелді негіздер мен растайтын дәлелдемелер болған кезде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу жөніндегі өтініштері;

    4) прокурордың нақты келтірілген фактілер бойынша не адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтіру қаупі туралы талаптары;

    5) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірудің, сондай-ақ адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруі мүмкін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзудың нақты фактілері бойынша мемлекеттік органдардың өтініштері;

    5-1) адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтірудің не зиян келтіру қатерінің нақты фактілері бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның бірінші басшысының тапсырмасы;

    5-2) медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтірудің нақты фактілері бойынша олардың жасалу уақыты мен орнын көрсете отырып, дәлелді негіздер мен растайтын дәлелдемелер болған кезде бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау және хабарлау;

    6) бақылау мен қадағалау субъектісінің бастапқы тексерумен келіспейтіні туралы жүгінуіне байланысты қайта тексеру (жедел ден қою шараларын қолданудың құқыққа сыйымсыздығы);

    7) қылмыстық қудалау органының Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша тапсырмасы;

    8) салық төлеушінің жолданымдары, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалған мәліметтер мен мәселелер.

    Жоспардан тыс тексерулер жасырын өтініштер болған жағдайда жүргізілмейді.

    Мысал: Мемлекеттік органның атына кәсіпкердің жарамдылық мерзімі өткен өнімді өткізу туралы тұтынушының өтініші келіп түсті. Осы өтініштің негізінде бақылау органы баяндалған фактілерді тексеру үшін кәсіпкерлік субъектісін жоспардан тыс тексеруді тағайындайды.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы дегеніміз не және Қазақстанның ұйыммен ынтымақтастығы қалай дамып келеді?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 334 «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы «Жаһандық байланыстар бағдарламасы арқылы ынтымақтастық» жобасы туралы Келісімге қол қою туралы» қаулысына сәйкес Экономика...

    Сұрақ

    Ұлттық байланыс орталығы дегеніміз не және оның мәні неде?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қарашадағы № 1453 «Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесіне сәйкес Ұлттық байланыс орталығының функцияларын іске асыруға жауапты органды айқындау туралы» қаулысына сәйкес Ұлттық байланыс орталығы (бұдан әрі...

    Сұрақ

    Ұлттық байланыс орталығына өтінішті кім және қалай бере алады?

    Жауап

    Өтініштерді қарау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қарашадағы № 1453 «Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесіне сәйкес Ұлттық байланыс орталығының функцияларын іске асыруға жауапты органды айқындау туралы» қаулысымен (Қазақстан Респу...

    Сұрақ

    Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылық дегеніміз не?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 143-ө «Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы» өкіміне сәйкес Қазақстанда Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылды. Бұл Орнықты даму мақсаттарын (бұдан әрі – ОДМ) іске асыру...

    Сұрақ

    Кәсіпкерлік субъектілерінің санаты қандай критерийлер негізінде айқындалады?

    Жауап

    Кәсіпкерлік субъектілерінің санатын айқындау Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V «Кәсіпкерлік кодексінің» 24-бабында белгіленген критерийлер мен олардың шекті мәндеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №...

    Сұрақ

    Кәсіпкерлік субъектісінің қызмет түрі (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші) өзгерген кезде кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне өзгерістер енгізу тәртібі қандай?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 78 бұйрығымен бекітілген Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидаларының (бұдан әрі – Тізілім) 7-тармағына сәйкес, Тізілімдегі мәліметтерді...

    Сұрақ

    Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі қалай жүргізіледі?

    Жауап

    Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу тәртібі (бұдан әрі – ӘКСТ) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 шілдедегі №140 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларымен (...

    Сұрақ

    «Іскер аймақ» бағдарламасы бойынша бизнеске қандай қаржылық қолдау шаралары көрсетіледі?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1176 «Іскер аймақ» шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес 2025 жылғы 30 желтоқсандағы бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама)іске асырылуда. Бағдарлама микро және шағын кәсіпкерлікті, ең алдымен өңірлерде,...