Ұлттық байланыс орталығы дегеніміз не және оның мәні неде?

    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

    Сұрақ

    Ұлттық байланыс орталығы дегеніміз не және оның мәні неде?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қарашадағы № 1453 «Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесіне сәйкес Ұлттық байланыс орталығының функцияларын іске асыруға жауапты органды айқындау туралы» қаулысына сәйкес Ұлттық байланыс орталығы (бұдан әрі – ҰБО) – көпұлтты кәсіпорындардың жауапты кәсіпкерлік қызмет принциптерін болжамды бұзуына қатысты азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін қарайтын ерікті, сотқа дейінгі, алқалы механизм.

    ҰБО-ның міндеті өзара қолайлы шешімге қол жеткізу мақсатында дау тараптары арасында конструктивті диалог ұйымдастырудан тұрады.

    ҰБО жұмыс істеуіне жауапты орган ретінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі айқындалған. ҰБО Хатшылығының функциялары 2024 жылғы 26 шілдедегі № 196 «Жауапты кәсіпкерлік қызмет мәселелері бойынша Ұлттық байланыс орталығының жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» бұйрыққа сәйкес «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамына жүктелген. ҰБО-ның негізгі міндеттері қатарына Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (бұдан әрі – ЭЫДҰ) басшылық принциптерінің болжамды бұзылуына қатысты өтініштерді қарау, жауапты кәсіпкерлік қызмет саласында ұсынымдар әзірлеу, сондай-ақ мүдделі тараптармен (мысалы, бизнес-қоғамдастық, кәсіптік одақтар, мемлекеттік органдар және азаматтық қоғам өкілдері) өзара іс-қимыл жасау жатады. Бұған қоса, ҰБО қабылданған шешімдердің орындалуына мониторинг жүргізеді, оның ішінде трансшекаралық өтініштерді қарау барысында басқа елдердің ұлттық байланыс орталықтарымен ынтымақтасады және ЭЫДҰ басшылық принциптері туралы қоғамдық хабардарлықты арттыруға ықпал етеді.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Тарифке енгізілетін пайда деңгейі қалай айқындалады және шектеледі?

    Жауап

    Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 637-тармағына сәйкес (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығы) уәкілетті органның ведомствосы тарифті есептеу кезінде пайданың жол берілетін деңгейін субъект пайдасының жол берілетін деңгейін...

    Сұрақ

    Тарифте ескерілмейтін сыйақы беру және басқа да сыйақы түрлеріне арналған шығыстар қандай көздер есебінен жүзеге асырылады?

    Жауап

    Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 635-тармағына сәйкес (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығы), сыйлықақыға және жұмыстың қорытындысы бойынша жалақыға берілетін басқа да сыйақы түрлерiне, ұжымдық шарттың талаптарын орындауға...

    Сұрақ

    Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің 2010 жылғы 6 тамыздағы № 136 бұйрығының орнына қандай бұйрық қолданылады?

    Жауап

    Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің 2010 жылғы 6 там...

    Сұрақ

    Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының мерзімін өзгертуге жол беріледі ме?

    Жауап

    Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) 49-бабына сәйкес мынадай талаптар сақталған кезде тараптардың келісімі бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) шартының мерзімін өзгертуге жол беріледі: 1) мұндай өзгерістер нәтижесінде МЖӘ жобас...

    Сұрақ

    Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының елеулі талаптары өзгерген кезде монополияға қарсы органның келісімін құжаттар экономикалық сараптамаға жіберілгенге дейін немесе одан кейін алу қажет пе?

    Жауап

    «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) 49-бабының 5-тармағына сәйкес Заңның 46-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 7) тармақшаларында көзделген талаптарды қоспағанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) шартының елеулі талаптары...

    Сұрақ

    Жабық жылумен жабдықтау жүйесі дегеніміз не?

    Жауап

    Жылу энергиясы мен жылу жеткізгішті есепке алу қағидаларының (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 26 наурыздағы № 135-н/қ және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 3 сәуірдегі № 112 бірлескен бұйрығы) 2 тармағының 21) тармақшас...

    Сұрақ

    Жылумен жабдықтаудың ашық жүйесі дегеніміз не?

    Жауап

    Жылу энергиясы мен жылу жеткізгішті есепке алу қағидаларының (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 26 наурыздағы № 135-н/қ және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 3 сәуірдегі № 112 бірлескен бұйрығы) 2-тармағының 20) тармақшас...

    Сұрақ

    Индекстеу әдісі қолданылатын тариф қалай белгіленеді?

    Жауап

    «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес индекстеу әдісі қолданылатын тарифті қуаты аз табиғи монополия субъектісі бекітілген тарифті уәкілетті орган айқындайтын деңгейден асырмай индекстеу жолымен жыл сайын белгілейді. Т...