Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1176 «Іскер аймақ» шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес 2025 жылғы 30 желтоқсандағы бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асырылуда.
Бағдарлама микро және шағын кәсіпкерлікті, ең алдымен өңірлерде, ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда дамытуға бағытталған, және шикізатты жергілікті өндіруді және қайта өңдеуді ынталандыру, қосылған құнның тұрақты жергілікті тізбегін қалыптастыратын қолөнер, былғары, сүт және өзге де қолданбалы бағыттарды дамыту жөніндегі шараларды көздейді. Бағдарлама шеңберінде бизнес үшін қаржылық қолдаудың мынадай түрлері көзделген.
Қаржылық шаралар микро және шағын бизнес субъектілерінің, сондай – ақ ауыл шаруашылығы кооперативтерінің кредиттерін субсидиялау тетігі арқылы іске асырылады. Негізгі параметрлер 200 млн теңгеге дейінгі кредит сомасын, номиналды сыйақы мөлшерлемесінің 40% субсидиялауды, қарыз алушы үшін түпкілікті мөлшерлемені кемінде 12,6% деңгейінде қамтамасыз етуді, субсидиялау мерзімін 3 жылға дейін көздейді, сондай-ақ кәсіпкердің жұмыс орындарын құру және кірістің жинақталған инфляция деңгейінен төмен емес жыл сайынғы өсуі жөніндегі қарсы міндеттемелері көзделеді. «Ауыл аманаты» бағдарламасы және «Бір ауыл – бір өнім» жобасы шеңберінде іске асырылатын жобалар, сондай-ақ ауыл шаруашылығы кооперативтері іске асыратын жобалар басым бағыттарға жатады және субсидия алуға өтініш берген кезде бірінші кезекте (басымдықпен) қаралады.
Инфрақұрылымдық қолдау жергілікті атқарушы органдар мен өңірлік Үйлестіру кеңестерінің тікелей қатысуымен жүзеге асырылады. Қолдау бизнесті орналастыру үшін жағдай жасауды, соның ішінде өндірістік үй-жайларды қамтамасыз етуді, инженерлік инфрақұрылымға қосылуды және жер ресурстарымен қамтамасыз етуді қамтиды.
Мысалы: кәсіпкер «Іскер Аймақ» бағдарламасы бойынша өтінім береді, қорытындысы бойынша ең жоғары мерзімі 3 жыл (36 ай) және сомасы бар кемінде 12,6% мөлшерлемемен жеңілдікті кредит алады (200 млн теңге). Субсидиялау мөлшері номиналды мөлшерлеменің 40% құрайды.