Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 16 маусымдағы № 52 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тәуекелдерін бөлу және бағалау әдістемесіне және Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің әртүрлі кезеңдерінде туындайтын тәуекелдердің болжамды тізбесіне сәйкес, инвестициялық және пайдалану кезеңдеріндегі тәуекелдердің мынадай типтері көзделген:
1) заңдық тәуекелдер– бұл Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмеу тәуекелі, мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі–МЖӘ) жобасы құжаттамасының дұрыс жасалмау тәуекелі және МЖӘ шарты тараптарының құқықтары мен міндеттеріне байланысты өзге де тәуекелдер (мысалы, МЖӘ шартының МЖӘ объектісін құру жұмыстары басталғанға дейін бұзылуы);
2) коммерциялық тәуекелдер – бұл жекеше әріптестің қаржы-шаруашылық қызметі көрсеткіштерінің және нарық конъюнктурасының өзгеруінің МЖӘ жобасын іске асыру шеңберінде кірістер алуға ықпал етуіне байланысты тәуекелдер (мысалы, жекеше әріптестің банкроттығы);
3) әлеуметтік тәуекелдер – бұл МЖӘ жобасын іске асыру шеңберінде халыққа, жекеше және (немесе) мемлекеттік әріптестің персоналына зиян келтірілуіне байланысты тәуекелдер (мысалы, тұрғындар үшін қолайсыздық пен қауіптілік);
4) экономикалық тәуекелдер – бұл Қазақстан Республикасы экономикасының көрсеткіштері өзгерістерінің ықпал етуіне байланысты тәуекелдер (мысалы, инвестициялық шығындардың төмендеуі);
5) техникалық тәуекелдер – бұл МЖӘ объектісінің болжанбайтын және (немесе) бақыланбайтын жұмыс істеуіне, сондай-ақ жобалық құжаттама мен техникалық шешімдердің дұрыс болмауына байланысты тәуекелдер
(мысалы, сапасыз жабдықтарды және (немесе) құрылыс материалдарын жеткізу);
6) қаржылық тәуекелдер– бұл қаржы нарығының көрсеткіштері өзгерістерінің МЖӘ жобасының қаржылық-экономикалық көрсеткіштеріне қолайсыз әсер етуіне байланысты тәуекелдер (мысалы, МЖӘ объектісін құру үшін қаржы қаражатын тартпау немесе уақтылы тартпау);
7) саяси тәуекелдер – бұл мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасында ескерілмеген немесе МЖӘ жобасын іске асыру кезінде өзгертілген заңнамаға байланысты тәуекел, сондай-ақ МЖӘ жобасын іске асыру кезінде саяси жағдайдың өзгеруіне байланысты өзге де тәуекелдер (мысалы, жобаның шарттарын жақсартуы мүмкін Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістер);
8) экологиялық тәуекелдер– бұл мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде қоршаған ортаға, сондай-ақ үшінші тұлғалардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірілуіне байланысты тәуекелдер
(мысалы, экологиялық стандарттар мен нормаларға сәйкес келмеуі);
9) МЖӘ жобасының ерекшеліктеріне байланысты өзге де тәуекелдер.