Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес, мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің (бұдан әрі–МЖӘ) айрықша белгілеріне мыналар:
1) МЖӘ шартын жасасу арқылы мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің қатынастарын орнату;
2) МЖӘ жобасын іске асырудың ұзақ мерзімді кезеңі (мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының ерекшеліктеріне қарай бес жылдан отыз жылға дейін);
3) мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің МЖӘ жобасын іске асыруға бірлесіп қатысуы;
4) МЖӘ жобасын іске асыру үшін мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің ресурстарын біріктіру;
5) МЖӘ жобасын іске асыру үшін жекеше әріптестің инвестицияларды жүзеге асыруы жатады, бұл ретте жекеше әріптестің меншікті қаражатының үлесі МЖӘ жобасы бойынша инвестициялардың жалпы сомасының кемінде он пайызын құрауға тиіс;
6) МЖӘ жобасында инвестициялық және пайдалану кезеңдерінің болуы жатады.
Осылайша, МЖӘ шеңберіндегі сенімгерлік басқару «Мемлекеттік мүлік туралы» Заң бойынша Қазақстан Республикасының сенімгерлік басқаруынан мыналармен ерекшеленеді:
- жекеше әріптестің инвестицияларды міндетті салуы,
- 30 жылға дейінгі ұзақ мерзімді қатынастар,
- мемлекеттік қолдау шаралары, инвестициялық және/немесе операциялық шығындардың өтемақысы көзделуі мүмкін,
- МЖӘ шартында заңнамада көзделген әртүрлі мәмілелердің элементтері болуы мүмкін.
(мысалы, МЖӘ шартында қызмет көрсету шартының немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 16.01.2015 жылғы № 17 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгі шартының элементтері көзделуі мүмкін).