«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі–Заң) 1-бабының 13) тармақшасына сәйкес, мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі–МЖӘ) объектілері - МЖӘ жобасын іске асыру шеңберінде құрылатын (оның ішінде салынатын және қажет болған жағдайда жобаланатын) және (немесе) реконструкцияланатын және (немесе) жаңғыртылатын, сондай-ақ пайдаланылатын ғимараттар, құрылысжайлар және (немесе) жабдықтар, мүліктік кешендер, зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижелері.
Заңның 4-бабының 6) тармақшасына сәйкес, МЖӘ айрықша белгілеріне мыналар: МЖӘ жобасында инвестициялық және пайдалану кезеңдерінің болуы жатады.
Дайын ғимаратты (мысалы, «балабақша», «мектеп» және басқа нысаналы мақсатындағы) жеке меншіктен мемлекетке беру МЖӘ жоғарыда көрсетілген белгілеріне сәйкес келмейді.
Осылайша, жауапкершілігі шектеулі серіктестік өз қаражатына салынған жер учаскесін және жеке меншік құқығындағы ғимаратты МЖӘ шеңберінде мемлекеттік меншікке бере алмайды.