Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 16 маусымдағы № 52 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының 223-тармағына сәйкес, мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі–МЖӘ) шартын, оның ішінде МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер болмаған жағдайда тіркеуді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі «е-Қаржымині» интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырады (мысалы, ауданның елді мекеніндегі мектеп құрылысына МЖӘ шартын(жергілікті жоба)бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі тіркейді).
МЖӘ шартын тіркеу, оның ішінде МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығымен бекітілген Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерінің, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерінің 14-тарауымен регламенттелген.