Қаржылай емес қолдау – бұл тікелей қаржыландыруды ұсынбай, кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған көрсетілетін қызметтер кешені. Қолдау консультациялық, оқыту, ақпараттық, іскерлік және ілеспе көрсетілетін қызметтерді қамтиды. «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы (бұдан әрі – «Атамекен» ҰКП) қаржылай емес қолдау операторы болып табылады. Көрсетілетін қызметтер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 5 тамыздағы № 626 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерін бірнеше салалық мемлекеттік органның құзыретіне жататын экономиканың әртүрлі салаларында ұсынылатын мемлекеттік қаржылай емес қолдау тәртібін, нысандарын және оларға қолдау көрсетуге қажетті басқа да шарттар шеңберінде жүзеге асырылады.
Бүгінгі таңда қаржылық емес қолдаудың төрт негізгі құралы жұмыс істейді:
- Ақпараттық-консультациялық көрсетілетін қызметтер – бұл бизнесті тіркеу, қызмет түрін таңдау, салық салу, мемлекеттік бағдарламалар мен тендерлерге қатысу, құжаттарды дайындау мәселелері бойынша алғашқы консультация беру.
- Бизнесті сервистік қолдау – бухгалтерлік және салықтық сүйемелдеу, есептілікті дайындау, «1С: Бухгалтерия» бағдарламасы бойынша көмек көрсету, бизнес-жоспарлар мен маркетингтік стратегияларды әзірлеу.
- «Іскерлік байланыстар» құралы шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату арқылы экономиканың басым секторларындағы бизнес субъектілерін қолдауға бағытталған. Кәсіпкерлер шетелде бизнес-тағылымдамадан өтеді және ұқсас бейіндегі кәсіпорындарға барады.
- «Бір ауыл – бір өнім» жобасы ауыл кәсіпкерлігін дамытуға және жергілікті ресурстарды пайдаланатын өндірушілерді қолдауға бағытталған. Жоба оқытуды, маркетингтік сүйемелдеуді, өнімді брендингтеуде және ілгерілетудегі көмекті, сондай-ақ 5 млн теңгеге дейін мемлекеттік грант алу мүмкіндігін қамтиды.
Қаржылық емес қолдауды алушылар жұмыс істеп тұрған және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер, сондай-ақ кәсіпкерлік бастамасы бар жеке тұлғалар болып табылады. Қаржылық емес қолдау алуға қатысты толық ақпарат алу үшін кәсіпкерлер «Атамекен» ҰКП жанындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарына жүгіне алады.
Мысал: А субъектісі өз бизнесін ашу/кеңейту үшін қажетті және толық кеңес алу мақсатында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына жүгінеді.