Мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну шарттарына сәйкес (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысымен бекітілген) мемлекеттік гранттар нысанындағы қолдау шараларын қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Мемлекеттік гранттарды өңірлік үйлестірушілер (кәсіпкерлік басқармасы) кәсіпкерлердің мемлекеттік гранттар беруге өтінімдерін іріктеу бойынша өткізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша береді. Конкурсқа қатысуға өтініш «Kezekte.kz» ақпараттық жүйе арқылы электрондық форматта қабылданады. Конкурс бюджет қаражаты болған кезде жылына кемінде 1 (бір) рет өткізіледі.
Байқаудың басталғаны туралы хабарландыру өңірлік кәсіпкерлік басқармасының ресми сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланады. Өтінімдерді қабылдау кәсіпкердің тіркелген жері (заңды мекенжайы) бойынша жүзеге асырылады.
Мемлекеттік грант алуға үміткер кәсіпкерлер өтінімге мына құжаттардың PDF форматындағы сканерленген көшірмелерін тіркейді:
1) басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған өтінім беру сәтіндегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы анықтама
(бар болса);
2) бизнес-жобаны іске асыруға жұмсалатын шығыстардың бизнес-жобасына қатысатын ақшалай қаражатпен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен қоса қаржыландырудың болуын растайтын құжаттар ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20% мөлшерінде, кәсіпкердің ағымдағы шотында ақшалай қаражаттың болуы туралы банктік шоттан үзінді көшірме немесе жылжымалы және (немесе) бизнес-жобаға қатысатын жылжымайтын мүлік;
3) «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалисті болып табылатын әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі немесе шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі ретінде кәсіпкердің мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі.
Толық ақпарат алу, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды дайындау және жинау үшін кәсіпкер өңірлік кәсіпкерлік басқармасына, сондай-ақ «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарына жүгіне алады.
Мысал: «Kezekte.kz» ақпараттық жүйе арқылы А субъектісі конкурсқа қатысуға өтініш берді. Конкурстық комиссия өтінімдерді іріктеп, А субъектісінің жобасына мемлекеттік грант беруді бекітті.