Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларының 178-14-тармағына сәйкес бір көзден алу тәсілімен сатып алу – бұл конкурсты, баға ұсыныстарына сұрау салуды қолданусыз сатып салу тәсілі, олар портал арқылы және мынадай:
1) егер конкурс тәсілімен сатып алу немесе баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу өтпеді деп танылған;
2) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес мемлекеттік реттеу белгіленген бағалар, тарифтер бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
3) сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қатысты айрықша құқықтары бар тұлғадан немесе мемлекеттік немесе табиғи монополия субъектісі болып табылатын тұлғадан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
4) еңсерілмейтін күш мән-жайларының туындауы, оның ішінде аварияларды жою үшін төтенше жағдайлардың салдарларын оқшаулау және (немесе) жою салдарынан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
5) өкілдік шығыстармен байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
6) сауда-саттықта (аукциондарда) өткізілетін мүлікті (активтерді) сатып алу:
Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес сот орындаушыларының жүзеге асыруы;
Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес жүргізілуі;
Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргізілуі;
мемлекеттік мүлікті жекешелендіру кезінде;
7) өнім берушінің тауарларын, жұмыстарын, көрсетілетін қызметтерін сатып алған табиғи монополия субъектісінен біріздендіру, стандарттау немесе үйлесімділікті қамтамасыз ету мақсатында нақ сол өнім берушіден тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуының қажеттілігі туындауы;
8) егер мұндай тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жылдық көлемі құндық мәнде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспаса, реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде тартылған желілер мен жабдықтардағы аварияларды жою мақсатында тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жағдайларында ғана өткізіледі.
Мысалы, табиғи монополия субъектісі баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен конкурс жариялады, алайда аталған конкурс өткізілмеді, мұндай жағдайда бір көзден сатып алу тәсілі қолданылады.