Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген) 44 және 45 тармақтарына сәйкес табиғи монополиялар субъектінің бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы есебіне талдауды уәкілетті органның ведомствосы (ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті және оның аумақтық департаменттері) келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімде жасайды.
Егер табиғи монополиялар субъектінің бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы есебін қарау кезінде қосымша ақпарат қажет болса, уәкілетті органның ведомствосы (ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті және оның аумақтық департаменттері) бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімді белгілей отырып, жазбаша түрде сұратады.
Бұл ретте бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы табиғи монополиялар субъектінің есебіне талдау жасау мерзімі субъектіні бұл туралы хабардар ете отырып, қажетті ақпарат алғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Уәкілетті орган ведомствосы (ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті және оның аумақтық департаменттері) табиғи монополиялар субъектінің тарифтік сметасының орындалуы туралы есебін талдау жүргізу жолымен қарайды және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес 24-нысан бойынша тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті қарау нәтижелері туралы қорытындыны қалыптастырады.
Мысал:«Ноунейм» ЖШС тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті 2026 жылдың 30 сәуірінде ұсынды, сондықтан талдау жүргізудің соңғы мерзімі 2026 жылдың 28 шілдесін құрайды. Сонымен қатар, уәкілетті орган «Ноунейм» ЖШС-не жазбаша сұрау салуды жолдаған кезде талдау жүргізу мерзімі қажетті ақпаратты алғанға дейін тоқтатыла тұрады.