Министрлік 2025 жылғы 16 маусымдағы № 52 бекіткен Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 217-218-тармақтарында өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) жобаларын жоспарлау және іске асыру белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып жүзеге асырылатын шарттар айқындалған (мысалы, Ведомствоаралық жобалау топтарын құру талап етілмейді; конкурс өткізу туралы ақпаратты орналастыру мерзімі - кемінде күнтізбелік 30 күн бұрын; бір және одан көп өтінім болған кезде конкурсты өтті деп тану).
Ерекшеліктерді қолдану шарттарының бірі 700 000 еселенген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінен аспайтын көлемде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым (коммуникациялардың барлық түрлеріне) құру (реконструкциялау) болып табылады.
Бұл ретте көрсетілген шекті мәннен асқан кезде МЖӘ жобалары Қағидалардың 2 және 3-тарауларында көзделген жалпы тәртіппен көрсетілген ерекшеліктерді қолданбай жоспарланады.
Осылайша, өндірістік инфрақұрылымды дамыту бойынша МЖӘ жобаларын іске асыру АЕК 700 000 еселенген көлемімен шектелмейді.