Министрлік 2025 жылғы 16 маусымдағы № 52 бұйрығымен бекіткен Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидалардың (бұдан әрі – Қағидалар) 217-218-тармақтарында көрсетілген ерекшеліктерді қолданбай, көлемі айлық есептік көрсеткіштің 700 000 еселенген мөлшерінен асатын өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары Қағидалардың 2 және 3-тарауларына сәйкес жалпы тәртіппен жоспарланады.
Бұл ретте, егер өндірістік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі МЖӘ жобасы АЕК-тің 700 000 еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда, жоспарлау Қағидаларда белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып жүзеге асырылуы мүмкін (мысалы, Ведомствоаралық жобалау топтарын құру талап етілмейді; конкурс өткізу туралы ақпаратты орналастыру мерзімі – кемінде күнтізбелік 30 күн бұрын; бір және одан көп өтінім болған кезде конкурсты өтті деп тану).