2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған шарттарды орындау кезінде, қосылған құн салығының 16% мөлшерлемесі қалай қолданылады?

    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

    Сұрақ

    2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған шарттарды орындау кезінде, қосылған құн салығының 16% мөлшерлемесі қалай қолданылады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Салық кодексі 503-бабының
    1) тармақшасына сәйкес 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 16% мөлшерінде ҚҚС базалық мөлшерлемесі белгіленгенін атап өтеміз.

    Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 460-бабына сәйкес тауарды жеткізу жөніндегі міндеті көзделсе тауарды жеткізуді жүзеге асыратын тұлғаға тауар берілген күн немесе тауар өнім берушінің көлік құралына тиелген күн тауарларды өткізу бойынша айналымды жасау күні болып табылады. Егер тауарды жеткізу жөніндегі міндеті болмаса тауарды беру туралы құжатқа қол қойылған күн немесе сатып алушының билігіне тауар берілген күн тауарларды өткізу бойынша айналымды жасау күні болып табылады. Жұмыстарды орындау, көрсетілетін қызметтерді іске асыру күні болып: орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінде; орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісі болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес ресімделген жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету фактісін растайтын құжатта (шот-фактурадан басқа) көрсетілген қол қою күні танылады. Осылайша, 16% мөлшеріндегі ҚҚС мөлшерлемесі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жасалған салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт көлеміне қолданылады.

    Сонымен қатар, жаңа Салық кодексінің ережелерінде ұзақ мерзімді шарттар шеңберінде 12% мөлшерінде ескі салық мөлшерлемесін қайта есептеу немесе өзге де қолдану мүмкіндігін көздейтін өтпелі нормалар жоқ.

    Осылайша, ұзақ мерзімді шарттарды іске асыру шеңберінде 2026 жылы шарт жасалған күнге қарамастан 16% мөлшерінде ҚҚС мөлшерлемесі қолданылатын болады.

    Мысал:«Альфа» ЖШС тапсырыс берушімен 2025 жылғы 15 қарашада тауарларды жеткізу шартын жасасты. Шарттың жалпы құны 10 000 000 теңгені құрайды (ҚҚС есептемегенде). Шарт талаптарына сәйкес: тауарды жеткізу 2026 жылғы 10 ақпанда жүзеге асырылады; төлем 2026 жылдың 20 ақпанында жүзеге асырылады.

    Сұрақ:Осы шартты іске асыру кезінде ҚҚС мөлшерлемесі қандай?

    Жауап:2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген 2025 жылғы 18 шілдедегі жаңа Қазақстан Республикасының Салық кодексінің ережелеріне сәйкес ҚҚС мөлшерлемесі 16%-ды құрайды.

    Бұл ретте 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған шарттар бойынша бұрын қолданыста болған 12% ҚҚС мөлшерлемесін қолдануға мүмкіндік беретін өтпелі ережелер көзделмеген. Шарт 2025 жылы жасалғанына қарамастан, міндеттемелерді нақты орындау(жеткізу және төлеу)2026 жылы жүзеге асырылады. Осыған байланысты 16% ҚҚС мөлшерлемесі қолданылады.

    Есептеу:Тауардың құны(ҚҚС-сыз):10 000 000 теңге, ҚҚС 16%: 1 600 000 теңге, ҚҚС есебімен жиынтық сома: 11 600 000 теңге.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы дегеніміз не және Қазақстанның ұйыммен ынтымақтастығы қалай дамып келеді?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 334 «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы «Жаһандық байланыстар бағдарламасы арқылы ынтымақтастық» жобасы туралы Келісімге қол қою туралы» қаулысына сәйкес Экономика...

    Сұрақ

    Ұлттық байланыс орталығы дегеніміз не және оның мәні неде?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қарашадағы № 1453 «Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесіне сәйкес Ұлттық байланыс орталығының функцияларын іске асыруға жауапты органды айқындау туралы» қаулысына сәйкес Ұлттық байланыс орталығы (бұдан әрі...

    Сұрақ

    Ұлттық байланыс орталығына өтінішті кім және қалай бере алады?

    Жауап

    Өтініштерді қарау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қарашадағы № 1453 «Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесіне сәйкес Ұлттық байланыс орталығының функцияларын іске асыруға жауапты органды айқындау туралы» қаулысымен (Қазақстан Респу...

    Сұрақ

    Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылық дегеніміз не?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 143-ө «Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы» өкіміне сәйкес Қазақстанда Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылды. Бұл Орнықты даму мақсаттарын (бұдан әрі – ОДМ) іске асыру...

    Сұрақ

    Кәсіпкерлік субъектілерінің санаты қандай критерийлер негізінде айқындалады?

    Жауап

    Кәсіпкерлік субъектілерінің санатын айқындау Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V «Кәсіпкерлік кодексінің» 24-бабында белгіленген критерийлер мен олардың шекті мәндеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №...

    Сұрақ

    Кәсіпкерлік субъектісінің қызмет түрі (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші) өзгерген кезде кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне өзгерістер енгізу тәртібі қандай?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 78 бұйрығымен бекітілген Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидаларының (бұдан әрі – Тізілім) 7-тармағына сәйкес, Тізілімдегі мәліметтерді...

    Сұрақ

    Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі қалай жүргізіледі?

    Жауап

    Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу тәртібі (бұдан әрі – ӘКСТ) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 шілдедегі №140 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларымен (...

    Сұрақ

    Кәсіпкерлік субъектілерін жоспардан тыс тексерулер қандай жағдайларда мүмкін?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабының 4-тармағына сәйкес бақылау және қадағалау органы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнген тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатынд...