Қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленетін импортталатын тауарлар тізбесіне жабдықты қосуға жол беріле ме?

    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

    Сұрақ

    Қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленетін импортталатын тауарлар тізбесіне жабдықты қосуға жол беріле ме?

    Жауап

    Жаңа Салық кодексінің 508-бабының 1-тармағына және
    509-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасында өндірілмейтін импортталатын тауарларға ҚҚС есепке жатқызу әдісімен төлеу көзделген
    (ҚҚС-тан босатуға ұқсас).

    Көрсетілген тауарлардың тізбесі және оны қалыптастыру тәртібі «Қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы
    № 1199 қаулысымен бекітілген.

    ҚҚС есепке жатқызу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін қалыптастыру қағидаларының (бұдан әрі – Қағида) 5-тармағына сәйкес ҚҚС есепке жатқызу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарға мынадай мәліметтер қоса беріледі:

    1) экономиканың тиісті саласын басқару мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның тізбені өзгерту және (немесе) толықтыру қажеттілігі және тізбеге қосуға ұсынылып отырған тауарға Қазақстан Республикасының жылдық қажеттілігі (нақты көлемі) туралы;

    2) экономиканың тиісті саласын басқару мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының аумағында ұқсас тауарлар өндірісінің жылдық көлемі (нақты көлемі) туралы немесе мұндай өндірістің болмауы туралы;

    3) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, тізбеге қосуға ұсынылып отырған тауардың құны (тауардың 1 бірлігіне теңгемен). Осылайша, Қағидаларға сәйкес экономиканың тиісті саласын басқару мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган ҚҚС есепке жатқызу әдісімен төленетін импортталатын тауарлар тізбесіне толықтырулар енгізуге бастамашылық жасау мүмкіндігі бар.

    Мысал:«Бета» ЖШС 2026 жылы өндірісті жаңғырту үшін өнеркәсіптік жабдықты(мамандандырылған станок)импорттауды жоспарлап отыр. Бұл жабдық Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейді, құны жоғары(бірлігіне 150 000 000 теңге).Бұл ретте аталған жабдық ҚҚС есепке жатқызу әдісімен төленетін импортталатын тауарлар тізбесіне енгізілмеген.

    Сұрақ:ҚҚС есепке жатқызу әдісімен төлеу тетігін қолдану үшін осы жабдықты тізбеге қалай қосуға болады?

    Жауап:«Бета» ЖШС тиісті ұсыныспен салалық министрлікке ( мысалы, өнеркәсіп саласындағы уәкілетті органға) жүгінеді. Уәкілетті орган: ұсынылған деректерді талдайды; отандық өндірістің болмауы; Тізбеге өзгерістер енгізу туралы ұсынысты қалыптастырады және жібереді. Ұлттық экономика министрлігінің келісімін алады және Үкімет қаулысының тиісті жобасын әзірлейді. Қазақстан Республикасының Үкіметі өзгерістер бекіткеннен кейін жабдық тізбеге енгізіледі.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы дегеніміз не және Қазақстанның ұйыммен ынтымақтастығы қалай дамып келеді?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 334 «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы «Жаһандық байланыстар бағдарламасы арқылы ынтымақтастық» жобасы туралы Келісімге қол қою туралы» қаулысына сәйкес Экономика...

    Сұрақ

    Ұлттық байланыс орталығы дегеніміз не және оның мәні неде?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қарашадағы № 1453 «Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесіне сәйкес Ұлттық байланыс орталығының функцияларын іске асыруға жауапты органды айқындау туралы» қаулысына сәйкес Ұлттық байланыс орталығы (бұдан әрі...

    Сұрақ

    Ұлттық байланыс орталығына өтінішті кім және қалай бере алады?

    Жауап

    Өтініштерді қарау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қарашадағы № 1453 «Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесіне сәйкес Ұлттық байланыс орталығының функцияларын іске асыруға жауапты органды айқындау туралы» қаулысымен (Қазақстан Респу...

    Сұрақ

    Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылық дегеніміз не?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 143-ө «Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы» өкіміне сәйкес Қазақстанда Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылды. Бұл Орнықты даму мақсаттарын (бұдан әрі – ОДМ) іске асыру...

    Сұрақ

    Кәсіпкерлік субъектілерінің санаты қандай критерийлер негізінде айқындалады?

    Жауап

    Кәсіпкерлік субъектілерінің санатын айқындау Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V «Кәсіпкерлік кодексінің» 24-бабында белгіленген критерийлер мен олардың шекті мәндеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №...

    Сұрақ

    Кәсіпкерлік субъектісінің қызмет түрі (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші) өзгерген кезде кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне өзгерістер енгізу тәртібі қандай?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 78 бұйрығымен бекітілген Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидаларының (бұдан әрі – Тізілім) 7-тармағына сәйкес, Тізілімдегі мәліметтерді...

    Сұрақ

    Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі қалай жүргізіледі?

    Жауап

    Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу тәртібі (бұдан әрі – ӘКСТ) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 шілдедегі №140 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларымен (...

    Сұрақ

    Кәсіпкерлік субъектілерін жоспардан тыс тексерулер қандай жағдайларда мүмкін?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабының 4-тармағына сәйкес бақылау және қадағалау органы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнген тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатынд...