Қарыз алушылармен коллекторлық агенттіктердің өзара іс-қимыл тәртібіне қойылатын талаптар қандай құжатпен белгіленген? Егер борышкердің құқықтары бұзылса, не істеу керек?

    Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

    Сұрақ

    Қарыз алушылармен коллекторлық агенттіктердің өзара іс-қимыл тәртібіне қойылатын талаптар қандай құжатпен белгіленген? Егер борышкердің құқықтары бұзылса, не істеу керек?

    Жауап
    Өзара іс-қимыл тәртібі

    Коллекторлық қызмет туралы заңға сәйкес, коллекторлық агенттік борышкермен және (немесе) оның өкілдерімен мынадай нысандарда өзара іс-қимыл жасауға құқылы:

    жұмыс күндері сағат 08:00-ден 21:00-ге дейін аптасына үш реттен артық емес телефон арқылы хабарласуға;

    жұмыс күндері сағат 08:00-ден 21:00-ге дейінгі аралықта борышкермен аптасына үш реттен артық емес және бір күнде бір реттен артық емес жеке кездесуге;

    жазбаша хабарламалар, ұялы байланыс арқылы мәтіндік немесе дауыстық хабарламалар жіберуге.

    Коллекторлық агенттік борышкермен әрбір байланыс кезінде коллекторлық агенттіктің атауын, оның есептік тіркеу нөмірін, орналасқан жерін, өзара іс-қимылды жүзеге асыратын тұлғаның тегі, аты-жөнін және лауазымын, кредитордың атауын, берілген берешектің құрылымын, сондай-ақ міндеттемені орындамаудың немесе тиісінше орындамаудың жауапкершілігі мен салдарын хабарлауға міндетті.

    Коллекторларға тыйым салынатын әрекеттер

    Коллекторлық агенттік қызметкеріне борышкермен өзара іс-қимыл жасау барысында мынадай жосықсыз әрекеттерді жүзеге асыруға тыйым салынады:

    берешектің мөлшері мен оның туындау негіздері туралы борышкерді жаңылыстыруға;

    коллекторлық агенттік қызметкерінің тегі, аты-жөні, сондай-ақ жұмыс орны мен лауазымы туралы жалған мәліметтерді хабарлауға;

    ар-намыс пен қадір-қасиетке нұқсан келтіретін, сондай-ақ жалған мәліметтерді таратуға;

    қорқытуға, тіл тигізуге, бопсалауға және өзге де құқыққа қарсы әрекеттер жасауға;

    күш қолданамын деп қорқыту, борышкердің мүлкін жою немесе бүлдіру қаупі, тіл тигізу, алаяқтық, құжаттарды қолдан жасау, бопсалау арқылы қысым көрсетуге.

    Коллекторлық қызметті жүзеге асыру кезінде коллекторлық агенттікке:

    берешекті өтеу есебіне ақша қаражатын (қолма-қол немесе қолма-қолсыз нысанда), сондай-ақ өзге де мүлікті қабылдауға;

    ақшадан өзге мүлікпен берешекті өтеуді талап етуге;

    коллекторлық қызметтің құпиясын немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны жария етуге тыйым салынады.

    Құқықтар бұзылған жағдайда

    2025 жылдан бастап Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс (ӘҚБтК) шеңберінде коллекторлық агенттіктердің және олардың қызметкерлерінің жауапкершілігі ажыратылды, сондай-ақ коллекторлық агенттік қызметкерлерінің өкілеттіктерін теріс пайдалану және асыра пайдалану үшін қылмыстық жауапкершілік нақтыланды.

    Осылайша, коллекторлық агенттік пен оның қызметкерлері жосықсыз әрекеттер жасағаны үшін ӘҚБтК-нің 211-1-бабында әкімшілік жауапкершілік көзделген.

    Коллекторлық агенттік пен оның қызметкерлерінің жауапкершілігін күшейту мақсатында ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап елеулі зиян келтіре отырып, күш қолдану немесе оны қолданамын деп қорқыту және басқа да әрекеттер арқылы өкілеттіктерді теріс пайдалану немесе асыра пайдалану қылмыстық құқық бұзушылықтар ретінде бағаланатын болады.

    Коллекторлардың заңсыз әрекеттері орын алған жағдайда азаматтар Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне шағым жолдай алады. Бұзушылықтар расталған жағдайда коллекторлық агенттікке қатысты тиісті шаралар қабылданады.

    Қазақстан Республикасының аумағында қызметті жүзеге асыруға құқығы бар коллекторлық агенттіктердің өзекті тізілімі Агенттіктің ресми интернет-ресурсында орналастырылған.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Шетелге тұрақты тұруға кеткен тұлғаның зейнетақы жинақтарын сенімхат арқылы алуға бола ма?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 220-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қа...

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру кезінде «бонус-малус» жүйесі бойынша сынып қандай жағдайларда жоғарылайды немесе төмендейді?

    Жауап

    КҚИ АҚЖМС туралы Заңның 19-бабының 1 және 10-тармақтарына сәйкес КҚИ АҚЖМС шартын жасау кезінде төленуге тиіс жылдық сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін базалық сақтандыру сыйлықақысы пайдаланылады, оған КҚ тіркелген жеріне, КҚ түріне, сақтанушының (сақтандырылушының) жасына жән...

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    АХҚО аумағында қызметін жүзеге асыратын компаниялардың қызметіне қатысты мәселелер бойынша қайда жүгіну қажет?

    Жауап

    Астана» халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі – АХҚО) туралы заңның 1-бабының 1-тармағына сәйкес, «Астана» халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі – АХҚО) – Астана қаласының шегіндегі, Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын шекаралары нақты белгіленген, қаржы саласындағы...

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    Қарыз алушылар ипотеканы рәсімдеу кезінде көбіне қандай қателіктерге жол береді?

    Жауап

    Ең жиі кездесетін қателіктер – жеке қаржылық мүмкіндікті жете бағаламау, кредиттің жалпы құнын және ол бойынша артық төлемді есепке алмай, ай сайынғы төлем мөлшеріне ғана назар аудару, сондай-ақ баспананы сатып алуға және күтіп-ұстауға байланысты қосымша шығындарды ескермеу. Көбі...

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    Кредитке үй сатып алу кезінде ай сайынғы төлемнен басқа қандай қосымша шығындарды ескеру қажет?

    Жауап

    Үйді ипотекаға сатып алу кезінде қарыз бойынша ай сайынғы төлемнің мөлшерін ғана емес, жылжымайтын мүлікті сатып алуға және күтіп-ұстауға байланысты қосымша шығындарды да ескеру қажет. Оларға жылжымайтын мүлікті бағалау, сақтандыру, нотариаттық және тіркеу қызметтері, салық төлеу...

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    Қарыз алушы ипотека бойынша төлемді ұзақ уақыт кешіктірсе, баспанасынан айырылып қалуы мүмкін бе? Өндіріп алу тәртібі қандай?

    Жауап

    Ипотекалық қарыз бойынша міндеттемелер ұзақ уақыт орындалмаған жағдайда, заңнамада кепілге қойылған мүлікті өндіріп алу мүмкіндігі көзделген. Сонымен қатар, осы шара қолданылғанға дейін қарыз алушыға берешекті реттеудің бірқатар құралдары ұсынылады. Бұдан басқа, қарыз алушы кепіл...

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    Банк басқа банктердегі шоттарыма (мысалы, жалақы алатын шотыма) төлем талабын қоюға құқылы ма?

    Жауап

    Иә. Егер банк қарызы (микрокредит) шартында кредитордың мерзімі өткен берешек туындаған жағдайда коллекторлық агенттікті тарту құқығы көзделген болса, кредитор коллекторлық ұйымды тартуға құқылыКоллекторлық ұйым борышкермен өзара іс-қимылды ҚР «Коллекторлық қызмет туралы» Заңында...

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    Егер коллекторлар жұмыс берушіге немесе туыстарыма қарызым туралы хабарлаймыз деп қорқытса, не істеуім керек?

    Жауап

    Коллекторларға клиенттің жазбаша келісімінсіз жұмыс берушіге немесе үшінші тұлғаларға оның берешегі туралы мәліметтерді жариялауға тыйым салынады. Бұл тыйым ҚР «Коллекторлық қызмет туралы» Заңының 5-бабында белгіленген.Осы талап бұзылған жағдайда мынаны ұсынамыз:әңгімелесуді ауди...

    ҚР ҚНРДА·