Үйді ипотекаға сатып алу кезінде қарыз бойынша ай сайынғы төлемнің мөлшерін ғана емес, жылжымайтын мүлікті сатып алуға және күтіп-ұстауға байланысты қосымша шығындарды да ескеру қажет. Оларға жылжымайтын мүлікті бағалау, сақтандыру, нотариаттық және тіркеу қызметтері, салық төлеу, тұрғын үйді күтіп-ұстау және жөндеу шығыстары кіреді.
Бұдан басқа, қарыз алушы бұрыннан төлеп келе жатқан кредиттік міндеттемелерді және басқа да тұрақты шығыстарды ескеруі керек, себебі олар борыш жүктемесінің деңгейіне және ипотекалық қарыз бойынша міндеттемелерді уақтылы орындау қабілетіне тікелей әсер етеді.
Табыстың уақытша азаюы, жұмыстан айырылу немесе күтпеген шығыстар туындаған жағдайда қаржылық «қауіпсіздік қорын» алдын-ала қалыптастыру өте маңызды. Мұндай «қауіпсіздік қорының» болмауы қарыз алушылардың жиі кездесетін қателіктерінің бірі болып табылады және берешекті төлеуді кешіктіруге әкеп соғуы мүмкін.