Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру кезінде «бонус-малус» жүйесі бойынша сынып қандай жағдайларда жоғарылайды немесе төмендейді?

    Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

    Сұрақ

    Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру кезінде «бонус-малус» жүйесі бойынша сынып қандай жағдайларда жоғарылайды немесе төмендейді?

    Жауап
    КҚИ АҚЖМС туралы Заңның 19-бабының 1 және 10-тармақтарына сәйкес КҚИ АҚЖМС шартын жасау кезінде төленуге тиіс жылдық сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін базалық сақтандыру сыйлықақысы пайдаланылады, оған КҚ тіркелген жеріне, КҚ түріне, сақтанушының (сақтандырылушының) жасына және жүргізу стажына, көлік құралының пайдаланылу мерзіміне, азаматтық-құқықтық жауапкершілігі сақтандырылған адамдардың кінәсінен сақтандыру жағдайларының болуына немесе болмауына қарай («бонус-малус» жүйесі) КҚИ АҚЖМС туралы Заңның 3-10-тармақтарында белгіленген коэффициенттер қолданылады.
    «Бонус-малус» жүйесі бойынша коэффициентті есептеу және қолдану тәртібі КҚИ АҚЖМС сыныбы бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін №140 қаулымен белгіленген.
    №140 қаулының 2 және 3-тармақтарына сәйкес КҚИ АҚЖМС шартын жасасу кезінде сақтанушыға (сақтандырылушыға) №140 қаулыға қосымшаға сәйкес коэффициенттер (бұдан әрі – коэффициент) белгіленіп, тиісті сыныптар беріледі.
    Сақтандырушының коэффициенттерді қолдануы үшін сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсінен болған сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайлары) туралы ақпарат не сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайлары) туралы ақпараттың болмауы, сондай-ақ сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқордан (бұдан әрі – СБДҚ ) және (немесе) мемлекеттік дерекқорлардан сақтандырушы алған, №140 қаулыда көзделген өзге де ақпарат негіз болып табылады.
    Сақтанушыға (сақтандырылушыға) сақтандыру сыныбы берілген кезде оның кінәсінен болған сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайлары), сондай-ақ жасалған КҚИ АҚЖМС шарттарының санына қарамастан, сыныптың алдыңғы өзгерген күнінен бастап КҚИ АҚЖМС шарты бойынша сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершілігі сақтандырылған күндер есепке алынуға жатады.
    Сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсінен болған сақтандыру жағдайының (сақтандыру жағдайларының) басталуы және ол (олар) бойынша сақтандыру төлемі жүзеге асырылған, №140 қаулыға қосымшаның 7, 10, 11, 12, 13 және 14-тармақтарында белгіленген талаптар ескеріле отырып, №140 қаулыға қосымшаға сәйкес сақтанушының (сақтандырылушының) сыныбының төмендеуіне әкеп соғады. Бұл жағдайда ең төменгі сынып M2 сыныбы болып табылады.
    Сыныпты одан жоғары сыныпқа өзгерту бір уақытта мынадай шарттар орындалған кезде жүзеге асырылады:
    - дерекқорды қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асыратын ұйымда («Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ) сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсінен болған сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайлары) туралы және сыныптың соңғы өзгерген сәтінен бастап дерекқорда есепке алынған ақпараттың болмауы;
    - жасалған КҚИ АҚЖМС шарттарының санына қарамастан, сақтанушының (сақтандырылушының) КҚИ АҚЖМС шарты бойынша АҚЖ сақтандырылған сыныптың соңғы өзгерген күнінен бастап кемінде күнтізбелік 270 (екі жүз жетпіс) күн туралы дерекқорда ақпараттың болуы.
    Осылайша, №140 қаулыға қосымшада белгіленген сыныптар арасындағы ауысулар кестесіне сәйкес, сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсі бойынша сақтандыру жағдайлары болмаған және сақтандырудың кемінде күнтізбелік 270 күні болған кезде «бонус-малус» жүйесі бойынша сынып әрбір келесі КҚИ АҚЖМС шартын жасасу кезінде бір сатыға көтерілетін болады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Қарызды өтеуге енгізілген ақшаның бөлінуі және берешек қалдығы туралы ақпаратты қалай алуға болады?

    Жауап

    Банк банктік қарыз шартына қызмет көрсету кезеңінде клиенттің (қарыз алушының) немесе кепіл берушінің сұрау салуы бойынша (банк құпиясы талаптарын сақтай отырып) сұрау салуды алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде жазбаша нысанда мыналар туралы мәліметтерді ұсынады: 1) банкке тө...

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    Қарызды толық өтегеннен кейін кредиттік тарих қанша мерзімде жаңартылады?

    Жауап

    «Қазақстан Республикасындағы кредит бюролары және кредит тарихын қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 1-тармағына сәйкес, ақпарат берушілер (банктер, микроқаржы ұйымдары және өзге де кредиторлар) кредит тарихының субъектісі туралы тиісті деректер алынған...

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    «Стоп кредит» қарыз алуға өзін-өзі шектеуді қалай жоюға (алып тастауға) болады?

    Жауап

    «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңының 34-бабының 5-1-тармағына және «Микроқаржылық қызмет туралы» ҚР Заңының 3-бабының 3-2-тармағына сәйкес, жеке тұлға банктік қарыздарды/микрокредиттерді алудан ерікті түрде бас тартуды белгілеуге немесе алып т...

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    Кредиттік тарихты (кредиттік есепті) қалай алуға болады?

    Жауап

    «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» ҚР Заңына сәйкес кредиттік тарих субъектісі күнтізбелік жылда бір рет өзінің кредиттік есебін тегін алуға құқылы. Оны келесі арналар арқылы алуға болады: eGov.kz порталы немесе eGov mobile...

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    Сақтандырушы зиян мөлшері туралы есеппен қандай мерзімде таныстыруы тиіс? Зиян мөлшері туралы есепте Көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін айқындау қағидалардың 3-қосымшасының 3-тармағында көрсетілген белгілердің болуы міндетті ме?

    Жауап

    КҚИ АҚЖ МС Заңнамасына сәйкес, зақымдалған мүлікті қарап-тексергеннен кейін сақтандырушы келтірілген зиянның мөлшерін бес жұмыс күнінен кешіктірмей анықтауға тиіс.Зиян мөлшері есептелгеннен кейін сақтандырушы зардап шеккен адамға есептелген зиян сомасы көрсетілген есепті танысу ү...

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    Жол полициясы органдарында тіркелген тіркемені бөлек сақтандыру қажет пе? Тіркемені басқа көлік құралдарымен бірге бір жалпы сақтандыру шарты бойынша сақтандыруға бола ма?

    Жауап

    Тіркемені бөлек те, басқа көлік құралдарымен бірге де сақтандыруға болады.Егер КҚИ АҚЖ МС бойынша стандартты шарт жасалса, сақтандыру әрбір көлік құралына жеке рәсімделеді. Яғни, автомобиль мен тіркеме бөлек сақтандырылады.Егер КҚИ АҚЖ МС бойынша кешенді шарт жасалса, бір шартқа...

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    Мобильді қосымшалар мен интернет-платформалар арқылы жолаушыларды тасымалдайтын такси жүргізушілеріне жолаушылар алдындағы жауапкершілігін сақтандырудың жеке полисін рәсімдеу қажет пе?

    Жауап

    Егер жүргізуші жолаушыларды интернет-платформа немесе мобильді қосымша арқылы (мысалы, такси қызметін көрсетсе) ақылы түрде тасымалдаса, ол тасымалдаушы болып саналады және жолаушылар алдындағы жауапкершілігін міндетті түрде сақтандыруға тиіс.Автокөліктің кәдімгі сақтандыру полис...

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    Транзиттік мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар автомобильдерге және шетелде тіркелген автомобильдерге 6 ай мерзімге уақытша сақтандыру полисін енгізу жоспарланып отыр ма?

    Жауап

    Көлік құралының иесі оны сатып алғаннан немесе тиісті кедендік рәсімдерді аяқтағаннан кейін он жұмыс күні ішінде уәкілетті органда тіркеуге міндетті.Осыған байланысты Қазақстан Республикасында әлі тіркелмеген және шетелдікке не Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар азам...

    ҚР ҚНРДА·