Жол полициясы органдарында тіркелген тіркемені бөлек сақтандыру қажет пе? Тіркемені басқа көлік құралдарымен бірге бір жалпы сақтандыру шарты бойынша сақтандыруға бола ма?
| Тіркемені бөлек те, басқа көлік құралдарымен бірге де сақтандыруға болады. Егер КҚИ АҚЖ МС бойынша стандартты шарт жасалса, сақтандыру әрбір көлік құралына жеке рәсімделеді. Яғни, автомобиль мен тіркеме бөлек сақтандырылады. Егер КҚИ АҚЖ МС бойынша кешенді шарт жасалса, бір шартқа екі және одан да көп көлік құралын, оның ішінде автомобиль мен тіркемені, енгізуге болады. Осылайша, көлік құралының иесі әрбір көлік құралына жеке стандартты шарт жасауды немесе бірнеше көлік құралына бір кешенді шарт жасауды өз бетінше таңдай алады. |