Транзиттік мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар автомобильдерге және шетелде тіркелген автомобильдерге 6 ай мерзімге уақытша сақтандыру полисін енгізу жоспарланып отыр ма?
| Көлік құралының иесі оны сатып алғаннан немесе тиісті кедендік рәсімдерді аяқтағаннан кейін он жұмыс күні ішінде уәкілетті органда тіркеуге міндетті. Осыған байланысты Қазақстан Республикасында әлі тіркелмеген және шетелдікке не Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар азаматтығы жоқ адамға тиесілі көлік құралы бойынша көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру (КҚИ АҚЖ) шарты он жұмыс күніне дейінгі мерзімге жасалуы мүмкін. Мұндай мерзімнің белгіленуі көлік құралының иесіне оны тіркеу үшін он жұмыс күні берілетініне байланысты. Көлік құралы тіркелгеннен кейін сақтандыру жалпы тәртіппен жүзеге асырылады. Міндетті сақтандыруға Қазақстан Республикасында тіркелген немесе тіркелуге жататын, Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінген, сондай-ақ тіркеу орнына өз жүрісімен келе жатқан көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі жатады. Міндетті сақтандырудың болуын бақылауды ішкі істер органдары көлік құралдарын тіркеу кезінде, сондай-ақ жол жүрісі қауіпсіздігі саласындағы талаптардың сақталуын бақылау шеңберінде жүзеге асырады. |