Қарызды толық өтегеннен кейін кредиттік тарих қанша мерзімде жаңартылады?
| «Қазақстан Республикасындағы кредит бюролары және кредит тарихын қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 1-тармағына сәйкес, ақпарат берушілер (банктер, микроқаржы ұйымдары және өзге де кредиторлар) кредит тарихының субъектісі туралы тиісті деректер алынған немесе өзгерген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде кредит бюроларына мәліметтерді ұсынуға міндетті. Осылайша, қарыздың толық өтелгені туралы ақпарат шарт бойынша міндеттемелер толық орындалған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде кредиттік тарихта көрініс табады. |