Қарызды өтеуге енгізілген ақшаның бөлінуі және берешек қалдығы туралы ақпаратты қалай алуға болады?
| Банк банктік қарыз шартына қызмет көрсету кезеңінде клиенттің (қарыз алушының) немесе кепіл берушінің сұрау салуы бойынша (банк құпиясы талаптарын сақтай отырып) сұрау салуды алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде жазбаша нысанда мыналар туралы мәліметтерді ұсынады: 1) банкке төленген ақша сомасы; 2) мерзімі өткен берешек мөлшері (болған жағдайда); 3) берешек қалдығы; 4) кезекті төлемдердің мөлшері мен мерзімдері; 5) несиелеу лимиті (болған жағдайда). Сонымен қатар, клиенттің өтініші бойынша банк айына 1 реттен жиі емес, 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде берешекті өтеу есебіне түсетін клиент ақшасының бөлінуі туралы ақпаратты өтеусіз (тегін) ұсынады. |