Ең жиі кездесетін қателіктер – жеке қаржылық мүмкіндікті жете бағаламау, кредиттің жалпы құнын және ол бойынша артық төлемді есепке алмай, ай сайынғы төлем мөлшеріне ғана назар аудару, сондай-ақ баспананы сатып алуға және күтіп-ұстауға байланысты қосымша шығындарды ескермеу.
Көбіне қарыз алушылар күтпеген өмірлік жағдайлар үшін қауіпсіздік қорын қалдырмай, кредитті қолжетімді ең жоғары сомаға ресімдейді. Сонымен бірге қаржылық «қауіпсіздік қорының» болмауы және кредит шартының талаптарына жете назар аудармау жиі кездесетін қателік болып табылады.
Сондықтан ипотеканы ресімдемес бұрын пайыздық мөлшерлемені, өтеу тәртібін, мерзімінен бұрын өтеу шарттарын және ықтимал қосымша комиссияларды қоса алғанда, қарыздың барлық шартын мұқият зерделеу, сондай-ақ банкке барлық қызықтыратын сұрақты құжаттарға қол қоймас бұрын қоюға кеңес беріледі.