Егер коллекторлар жұмыс берушіге немесе туыстарыма қарызым туралы хабарлаймыз деп қорқытса, не істеуім керек?
| Коллекторларға клиенттің жазбаша келісімінсіз жұмыс берушіге немесе үшінші тұлғаларға оның берешегі туралы мәліметтерді жариялауға тыйым салынады. Бұл тыйым ҚР «Коллекторлық қызмет туралы» Заңының 5-бабында белгіленген. Осы талап бұзылған жағдайда мынаны ұсынамыз: әңгімелесуді аудиоға жазып алыңыз — борышкер коллектормен өзара іс-қимылды өз бетінше тіркеуге құқылы; коллекторлық ұйымның өзіне оның қызметкерінің әрекеттері туралы жазбаша шағым беріңіз; Қазақстанның Коллекторлар ұлттық палатасына жүгініңіз: stop-collector.kz сайты, тел. +7 (707) 573 00 00, +7 (700) 183 83 03; қоқан-лоққы немесе өзге де заңға қайшы әрекеттер болған жағдайда — құқық қорғау органдарына жүгініңіз. |