Шетелге тұрақты тұруға кеткен тұлғаның зейнетақы жинақтарын сенімхат арқылы алуға бола ма?

    Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

    Сұрақ

    Шетелге тұрақты тұруға кеткен тұлғаның зейнетақы жинақтарын сенімхат арқылы алуға бола ма?

    Жауап
    Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 220-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (бұдан әрі – БЖЗҚ) зейнетақы жинақтары бар шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға беріледі.
    № 521 Қағидалардың 19-тармағының 1) тармақшасында өтініш үшінші тұлға арқылы берілген жағдайда, № 521 Қағидалардың 7, 13 және 17-тармақтарында көрсетілген құжаттарға қосымша үшінші тұлға (сенім білдірілген адам, заңды өкіл) нотариалды куәландырылған сенімхаттың түпнұсқасын немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынатыны белгіленген.
    «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес, дербес деректерді жинау, өңдеу осы баптың 5-тармағында және осы Заңның 9-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімімен меншіктенуші және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлғамен жүзеге асырылады.
    Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – ҚР АК) 167-бабының 1-тармағына сәйкес, бір адамның (сенім білдірушінің) өз атынан өкілдік ету үшін екінші адамға (сенім білдірілген адамға) берген жазбаша уәкілеттігі сенімхат деп танылады. ҚР АК 169-бабының 1-тармағында сенім білдірілген адам өзіне уәкілеттік берілген әрекеттерді жеке өзі жасауға тиіс екені көзделген. Осылайша, дербес деректерді жинау және өңдеу үшін тиісті түрде ресімделген сенімхат болған кезде субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімі қажет.
    Сонымен қатар, № 39/НҚ бұйрығының 189-тармағына сәйкес, «БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру» көрсетілетін қызметі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген.
    Өз кезегінде, Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымшаның 9-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге жеке тұлғаның келісімінің болмауы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
    Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алуға өтініш берген кезде нотариалды куәландырылған сенімхаттың (немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесінің) болуын қамтамасыз ету, субъектінің (немесе оның заңды өкілінің) дербес деректерді өңдеуге келісімін ұсыну, сондай-ақ алушының банктік деректемелерін көрсете отырып, № 521 Қағидалардың 7, 13, 17 және 27-тармақтарының талаптарына сәйкес өтінішті ресімдеу қажет.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Қарызды өтеуге енгізілген ақшаның бөлінуі және берешек қалдығы туралы ақпаратты қалай алуға болады?

    Жауап

    Банк банктік қарыз шартына қызмет көрсету кезеңінде клиенттің (қарыз алушының) немесе кепіл берушінің сұрау салуы бойынша (банк құпиясы талаптарын сақтай отырып) сұрау салуды алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде жазбаша нысанда мыналар туралы мәліметтерді ұсынады: 1) банкке тө...

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    Қарызды толық өтегеннен кейін кредиттік тарих қанша мерзімде жаңартылады?

    Жауап

    «Қазақстан Республикасындағы кредит бюролары және кредит тарихын қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 1-тармағына сәйкес, ақпарат берушілер (банктер, микроқаржы ұйымдары және өзге де кредиторлар) кредит тарихының субъектісі туралы тиісті деректер алынған...

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    «Стоп кредит» қарыз алуға өзін-өзі шектеуді қалай жоюға (алып тастауға) болады?

    Жауап

    «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңының 34-бабының 5-1-тармағына және «Микроқаржылық қызмет туралы» ҚР Заңының 3-бабының 3-2-тармағына сәйкес, жеке тұлға банктік қарыздарды/микрокредиттерді алудан ерікті түрде бас тартуды белгілеуге немесе алып т...

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    Кредиттік тарихты (кредиттік есепті) қалай алуға болады?

    Жауап

    «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» ҚР Заңына сәйкес кредиттік тарих субъектісі күнтізбелік жылда бір рет өзінің кредиттік есебін тегін алуға құқылы. Оны келесі арналар арқылы алуға болады: eGov.kz порталы немесе eGov mobile...

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    Сақтандырушы зиян мөлшері туралы есеппен қандай мерзімде таныстыруы тиіс? Зиян мөлшері туралы есепте Көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін айқындау қағидалардың 3-қосымшасының 3-тармағында көрсетілген белгілердің болуы міндетті ме?

    Жауап

    КҚИ АҚЖ МС Заңнамасына сәйкес, зақымдалған мүлікті қарап-тексергеннен кейін сақтандырушы келтірілген зиянның мөлшерін бес жұмыс күнінен кешіктірмей анықтауға тиіс.Зиян мөлшері есептелгеннен кейін сақтандырушы зардап шеккен адамға есептелген зиян сомасы көрсетілген есепті танысу ү...

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    Жол полициясы органдарында тіркелген тіркемені бөлек сақтандыру қажет пе? Тіркемені басқа көлік құралдарымен бірге бір жалпы сақтандыру шарты бойынша сақтандыруға бола ма?

    Жауап

    Тіркемені бөлек те, басқа көлік құралдарымен бірге де сақтандыруға болады.Егер КҚИ АҚЖ МС бойынша стандартты шарт жасалса, сақтандыру әрбір көлік құралына жеке рәсімделеді. Яғни, автомобиль мен тіркеме бөлек сақтандырылады.Егер КҚИ АҚЖ МС бойынша кешенді шарт жасалса, бір шартқа...

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    Мобильді қосымшалар мен интернет-платформалар арқылы жолаушыларды тасымалдайтын такси жүргізушілеріне жолаушылар алдындағы жауапкершілігін сақтандырудың жеке полисін рәсімдеу қажет пе?

    Жауап

    Егер жүргізуші жолаушыларды интернет-платформа немесе мобильді қосымша арқылы (мысалы, такси қызметін көрсетсе) ақылы түрде тасымалдаса, ол тасымалдаушы болып саналады және жолаушылар алдындағы жауапкершілігін міндетті түрде сақтандыруға тиіс.Автокөліктің кәдімгі сақтандыру полис...

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    Транзиттік мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар автомобильдерге және шетелде тіркелген автомобильдерге 6 ай мерзімге уақытша сақтандыру полисін енгізу жоспарланып отыр ма?

    Жауап

    Көлік құралының иесі оны сатып алғаннан немесе тиісті кедендік рәсімдерді аяқтағаннан кейін он жұмыс күні ішінде уәкілетті органда тіркеуге міндетті.Осыған байланысты Қазақстан Республикасында әлі тіркелмеген және шетелдікке не Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар азам...

    ҚР ҚНРДА·