Егер МҚҰ жұмыс уақытынан тыс уақытта микрокредит берген болса, онда МҚҰ ақпаратты кредиттік бюроға қашан беруге міндетті?

    Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

    Сұрақ

    Егер МҚҰ жұмыс уақытынан тыс уақытта микрокредит берген болса, онда МҚҰ ақпаратты кредиттік бюроға қашан беруге міндетті?

    Жауап
    «Кредиттік бюролар туралы» Заңның 19-бабы 2-тармағының 8) тармақшасының екінші абзацына сәйкес, осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) (микроқаржы ұйымдары мен ломбардтар), 1-1) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат жеткізушілер кредиттік бюроға бір жұмыс күні ішінде кредиттік тарих субъектісі – жеке тұлға туралы осы Заңның 24-бабы 1-тармағының бірінші бөлігінің 1), 2) және 3-2) тармақшаларында, сондай-ақ 3-тармағында көзделген ақпаратты ұсынуға міндетті.

    Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 175-бабына сәйкес, егер мерзімнің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге сәйкес келсе, мерзімнің аяқталу күні болып одан кейінгі ең жақын жұмыс күні есептеледі.

    Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 176-бабының 1-тармағына сәйкес, егер мерзім қандай да бір әрекетті жасау үшін белгіленсе, ол мерзімнің соңғы күні сағат жиырма төртке дейін орындалуы мүмкін. Алайда, егер бұл әрекет ұйымда жүзеге асырылуы тиіс болса, онда мерзім осы ұйымда белгіленген ережелерге сәйкес тиісті операциялар тоқтатылатын уақытта аяқталады.

    Сонымен қатар, «Құқықтық актілер туралы» Заңның 14-бабының 1-тармағына, 2-тармағының төртінші бөлігіне және 3-тармағына сәйкес, заңнамада белгіленген мерзім күнтізбелік күнмен немесе міндетті түрде туындайтын оқиғаны көрсету арқылы айқындалады. Мерзім сондай-ақ уақыт кезеңі ретінде белгіленуі мүмкін және ол жылдармен, тоқсандармен, айлармен, апталармен, күндермен (тәуліктермен) немесе сағаттармен есептеледі.

    Күндермен (тәуліктермен) есептелетін мерзім, оның басталуы айқындалған күнтізбелік күннен немесе оқиғаның басталу күнінен кейінгі келесі күннен басталады, Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілген оқиға басталған күннен бастап есептелетін конституциялық мерзімдерді қоспағанда, және белгіленген кезеңнің соңғы күнінде аяқталады.

    Уақыт кезеңімен айқындалатын мерзімнің өтуі, оның басталуы айқындалған күнтізбелік күннен немесе оқиғаның басталуынан кейінгі келесі күннен басталады, Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілген оқиға басталған күннен бастап есептелетін конституциялық мерзімдерді қоспағанда.

    Егер мерзімнің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге сәйкес келсе, мерзімнің аяқталу күні болып одан кейінгі ең жақын жұмыс күні есептеледі.

    Жоғарыда баяндалғанның негізінде, микроқаржы ұйымы жеке тұлғаға берілген микрокредиттер туралы ақпаратты кредиттік бюроға ағымдағы жұмыс күнінің аяқталуына дейінгі жұмыс уақытында ұсынуы қажет.

    Егер микрокредит жұмыс күнінің аяқталуынан кейін, сондай-ақ демалыс күні (микроқаржы ұйымының ішкі жұмыс кестесіне сәйкес) немесе мереке күні берілген жағдайда, микроқаржы ұйымы ақпаратты кредиттік бюроға микрокредит берілген күннен кейінгі ең жақын жұмыс күнінің аяқталуына дейін ұсынуға міндетті.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Шетелге тұрақты тұруға кеткен тұлғаның зейнетақы жинақтарын сенімхат арқылы алуға бола ма?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 220-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қа...

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру кезінде «бонус-малус» жүйесі бойынша сынып қандай жағдайларда жоғарылайды немесе төмендейді?

    Жауап

    КҚИ АҚЖМС туралы Заңның 19-бабының 1 және 10-тармақтарына сәйкес КҚИ АҚЖМС шартын жасау кезінде төленуге тиіс жылдық сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін базалық сақтандыру сыйлықақысы пайдаланылады, оған КҚ тіркелген жеріне, КҚ түріне, сақтанушының (сақтандырылушының) жасына жән...

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    АХҚО аумағында қызметін жүзеге асыратын компаниялардың қызметіне қатысты мәселелер бойынша қайда жүгіну қажет?

    Жауап

    Астана» халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі – АХҚО) туралы заңның 1-бабының 1-тармағына сәйкес, «Астана» халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі – АХҚО) – Астана қаласының шегіндегі, Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын шекаралары нақты белгіленген, қаржы саласындағы...

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    Қарыз алушылар ипотеканы рәсімдеу кезінде көбіне қандай қателіктерге жол береді?

    Жауап

    Ең жиі кездесетін қателіктер – жеке қаржылық мүмкіндікті жете бағаламау, кредиттің жалпы құнын және ол бойынша артық төлемді есепке алмай, ай сайынғы төлем мөлшеріне ғана назар аудару, сондай-ақ баспананы сатып алуға және күтіп-ұстауға байланысты қосымша шығындарды ескермеу. Көбі...

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    Кредитке үй сатып алу кезінде ай сайынғы төлемнен басқа қандай қосымша шығындарды ескеру қажет?

    Жауап

    Үйді ипотекаға сатып алу кезінде қарыз бойынша ай сайынғы төлемнің мөлшерін ғана емес, жылжымайтын мүлікті сатып алуға және күтіп-ұстауға байланысты қосымша шығындарды да ескеру қажет. Оларға жылжымайтын мүлікті бағалау, сақтандыру, нотариаттық және тіркеу қызметтері, салық төлеу...

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    Қарыз алушы ипотека бойынша төлемді ұзақ уақыт кешіктірсе, баспанасынан айырылып қалуы мүмкін бе? Өндіріп алу тәртібі қандай?

    Жауап

    Ипотекалық қарыз бойынша міндеттемелер ұзақ уақыт орындалмаған жағдайда, заңнамада кепілге қойылған мүлікті өндіріп алу мүмкіндігі көзделген. Сонымен қатар, осы шара қолданылғанға дейін қарыз алушыға берешекті реттеудің бірқатар құралдары ұсынылады. Бұдан басқа, қарыз алушы кепіл...

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    Банк басқа банктердегі шоттарыма (мысалы, жалақы алатын шотыма) төлем талабын қоюға құқылы ма?

    Жауап

    Иә. Егер банк қарызы (микрокредит) шартында кредитордың мерзімі өткен берешек туындаған жағдайда коллекторлық агенттікті тарту құқығы көзделген болса, кредитор коллекторлық ұйымды тартуға құқылыКоллекторлық ұйым борышкермен өзара іс-қимылды ҚР «Коллекторлық қызмет туралы» Заңында...

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    Егер коллекторлар жұмыс берушіге немесе туыстарыма қарызым туралы хабарлаймыз деп қорқытса, не істеуім керек?

    Жауап

    Коллекторларға клиенттің жазбаша келісімінсіз жұмыс берушіге немесе үшінші тұлғаларға оның берешегі туралы мәліметтерді жариялауға тыйым салынады. Бұл тыйым ҚР «Коллекторлық қызмет туралы» Заңының 5-бабында белгіленген.Осы талап бұзылған жағдайда мынаны ұсынамыз:әңгімелесуді ауди...

    ҚР ҚНРДА·