МҚҰ ашу тәртібіне қойылатын талаптар қандай нормативтік актіде көзделген?

    Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

    Сұрақ

    МҚҰ ашу тәртібіне қойылатын талаптар қандай нормативтік актіде көзделген?

    Жауап
    «Микроқаржылық қызмет туралы» Заңның 14-бабының 1-1-тармағына сәйкес микрокредиттер беру қызметін жүзеге асыру ниеті бар заңды тұлға микроқаржылық ұйым, кредиттік серіктестік, ломбард ретінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткені туралы уәкілетті органды (Агенттікті), қаржылық мониторингті жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органды аталған тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде хабардар етеді.
    Микроқаржылық ұйым лицензия беру туралы өтініште міндетті түрде келесі біліктілік талаптарының орындалғаны туралы мәліметтерді көрсетеді:
    - бухгалтерлік есепті жүргізуді автоматтандыруды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйенің болуы;
    - қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы бірыңғай ақпараттық жүйеге қосылу;
    - мемлекеттік қатысуы бар кредиттік бюромен ақпарат ұсыну туралы шарт жасасу.
    «Микроқаржылық қызмет туралы» Заңның 12-бабына сәйкес микроқаржылық ұйымды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) сәтіне дейін оның құрылтайшылары жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшерін толық төлеуге міндетті.
    Микроқаржылық ұйымның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 14 қарашадағы № 192 қаулысымен айқындалған.
    Бұл ретте лицензиялау қағидаларына 1-қосымшаның 8-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшерінің төленгенін растайтын құжаттар ретінде мынадай құжаттар ұсынылады: екінші деңгейдегі банктің құжаты (оның ішінде клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді көшірме), ол қызмет алушының жарғылық капиталына жарна ретінде банк шотына ақшаның есепке алынғанын растайды және лицензия алу үшін жүгінген күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен ерте берілмеген болуы тиіс.
    Агенттік ұсынылған құжаттардың толықтығын, сондай-ақ микроқаржылық ұйымның басшы қызметкерлері мен құрылтайшыларының (қатысушыларының) біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын мәліметтерді (жоғары білімінің болуы, мінсіз іскерлік беделі, өтелмеген немесе алынбаған соттылығының, сыбайлас жемқорлық қылмыстарының болмауы) тексеруді жүзеге асырады.
    Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі толық құжаттар пакеті алынған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде лицензияны беру туралы хабарламаны не оны беруден дәлелді бас тартуды жолдау болып табылады.
    Лицензия беру тәртібі, микроқаржылық ұйымның басшы қызметкерлері мен құрылтайшыларына (қатысушыларына) қойылатын талаптар, сондай-ақ заңды тұлғаға лицензия беруден бас тарту негіздері «Микроқаржылық қызмет туралы» Заңның 14 және 15-баптарымен белгіленген.
    Бұл ретте микроқаржылық ұйымдардың құрылтайшыларына қатысты резиденттік белгісі бойынша шектеулер белгіленбегенін атап өтеміз, «Микроқаржылық қызмет туралыы» Заңның 14-бабы 6-тармағының 2) тармақшасында көзделген тыйымды қоспағанда, оған сәйкес өзге де талаптармен қатар уәкілетті орган айқындайтын офшорлық аймақтарда тіркелген, тұрғылықты жері немесе орналасқан жері бар тұлға микроқаржылық ұйымның ірі қатысушысы бола алмайды.
    «Микроқаржылық қызмет туралы» Заңның 14-бабы 2-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу (қайта ресімдеу) үшін «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған құжаттардан басқа, микроқаржылық ұйым лицензиялау қағидаларында айқындалған жағдайларда микрофинанстық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды уәкілетті органға ұсынады.
    Агенттік Басқармасының 2020 жылғы 23 қарашадағы № 108 қаулысымен (бұдан әрі – Лицензиялау қағидалары) микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін қызмет алушы лицензиялау қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша микрофқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру туралы өтінішті және тиісті құжаттарды қызмет көрсетушіге ұсынатыны белгіленген.
    Құжаттар қызмет алушы тарапынан лицензиялау қағидаларына 1-қосымшаға (мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) сәйкес «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz
    , www.elicense.kz
    арқылы электрондық түрде ұсынылады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Шетелге тұрақты тұруға кеткен тұлғаның зейнетақы жинақтарын сенімхат арқылы алуға бола ма?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 220-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қа...

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру кезінде «бонус-малус» жүйесі бойынша сынып қандай жағдайларда жоғарылайды немесе төмендейді?

    Жауап

    КҚИ АҚЖМС туралы Заңның 19-бабының 1 және 10-тармақтарына сәйкес КҚИ АҚЖМС шартын жасау кезінде төленуге тиіс жылдық сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін базалық сақтандыру сыйлықақысы пайдаланылады, оған КҚ тіркелген жеріне, КҚ түріне, сақтанушының (сақтандырылушының) жасына жән...

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    АХҚО аумағында қызметін жүзеге асыратын компаниялардың қызметіне қатысты мәселелер бойынша қайда жүгіну қажет?

    Жауап

    Астана» халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі – АХҚО) туралы заңның 1-бабының 1-тармағына сәйкес, «Астана» халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі – АХҚО) – Астана қаласының шегіндегі, Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын шекаралары нақты белгіленген, қаржы саласындағы...

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    Қарыз алушылар ипотеканы рәсімдеу кезінде көбіне қандай қателіктерге жол береді?

    Жауап

    Ең жиі кездесетін қателіктер – жеке қаржылық мүмкіндікті жете бағаламау, кредиттің жалпы құнын және ол бойынша артық төлемді есепке алмай, ай сайынғы төлем мөлшеріне ғана назар аудару, сондай-ақ баспананы сатып алуға және күтіп-ұстауға байланысты қосымша шығындарды ескермеу. Көбі...

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    Кредитке үй сатып алу кезінде ай сайынғы төлемнен басқа қандай қосымша шығындарды ескеру қажет?

    Жауап

    Үйді ипотекаға сатып алу кезінде қарыз бойынша ай сайынғы төлемнің мөлшерін ғана емес, жылжымайтын мүлікті сатып алуға және күтіп-ұстауға байланысты қосымша шығындарды да ескеру қажет. Оларға жылжымайтын мүлікті бағалау, сақтандыру, нотариаттық және тіркеу қызметтері, салық төлеу...

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    Қарыз алушы ипотека бойынша төлемді ұзақ уақыт кешіктірсе, баспанасынан айырылып қалуы мүмкін бе? Өндіріп алу тәртібі қандай?

    Жауап

    Ипотекалық қарыз бойынша міндеттемелер ұзақ уақыт орындалмаған жағдайда, заңнамада кепілге қойылған мүлікті өндіріп алу мүмкіндігі көзделген. Сонымен қатар, осы шара қолданылғанға дейін қарыз алушыға берешекті реттеудің бірқатар құралдары ұсынылады. Бұдан басқа, қарыз алушы кепіл...

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    Банк басқа банктердегі шоттарыма (мысалы, жалақы алатын шотыма) төлем талабын қоюға құқылы ма?

    Жауап

    Иә. Егер банк қарызы (микрокредит) шартында кредитордың мерзімі өткен берешек туындаған жағдайда коллекторлық агенттікті тарту құқығы көзделген болса, кредитор коллекторлық ұйымды тартуға құқылыКоллекторлық ұйым борышкермен өзара іс-қимылды ҚР «Коллекторлық қызмет туралы» Заңында...

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    Егер коллекторлар жұмыс берушіге немесе туыстарыма қарызым туралы хабарлаймыз деп қорқытса, не істеуім керек?

    Жауап

    Коллекторларға клиенттің жазбаша келісімінсіз жұмыс берушіге немесе үшінші тұлғаларға оның берешегі туралы мәліметтерді жариялауға тыйым салынады. Бұл тыйым ҚР «Коллекторлық қызмет туралы» Заңының 5-бабында белгіленген.Осы талап бұзылған жағдайда мынаны ұсынамыз:әңгімелесуді ауди...

    ҚР ҚНРДА·