Мал шаруашылығы саласындағы субсидиялар неліктен уақытылы төленбейді?

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

    Сұрақ

    Мал шаруашылығы саласындағы субсидиялар неліктен уақытылы төленбейді?

    Жауап

    Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығы) сәйкес субсидия көлемі тиісті айға арналған қаржыландыру жоспарында көзделген бюджеттік қаражат көлемінен асқан жағдайда, мұндай өтінімдер бойынша субсидияларды төлеу өтінімдердің келіп түскен күніне сәйкес кезектілік тәртібімен келесі айда жүзеге асырылады.

    Ағымдағы қаржы жылында өтінімдерді қанағаттандыру үшін бюджет қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, субсидия алуға мақұлданған өтінімдер қосымша бюджет қаражаты бөлінген кезде және (немесе) қаражатты субсидия түрлері арасында қайта бөлу есебінен төленеді.

    Ал ағымдағы қаржы жылында қосымша бюджет қаражаты бөлінбеген жағдайда, күту тізіміне енгізілген өтінімдер бойынша субсидиялар төлеу келесі қаржы жылында (жылдарында) жүзеге асырылады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында мемлекеттік бақылау қалай жүргізіледі?

    Жауап

    Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк бақылау «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» заңға және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, тексеру, бақылау субъектісіне барып және бармай профилактикалық бақылау жүргізу түрінде жүзеге асырылады. Анықтама...

    Сұрақ

    Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су жеткізу қызметтерін субсидиялау және су үнемдеу суару технологияларын енгізуге жұмсалған шығындардың бір бөлігін субсидиялау функцияларын қандай мемлекеттік орган жүзеге асырады және тиісті мемлекеттік қолдау шараларын алу мәселелері бойынша қайда жүгіну қажет?

    Жауап

    2025 жылғы сәуір айынан бастап ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су жеткізу қызметтерінің құнын субсидиялау функциясын Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі жүзеге асырады. Аталған мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригац...

    Сұрақ

    «Gosagro.kz» субсидиялау мемлекеттік ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі - СМАЖ) субсидиялауға өтініш беру кезінде қате енгізілген деректерді түзету үшін электрондық шот-фактуралардың құлпын қалай ашуға болады?

    Жауап

    Қате енгізілген деректерді түзету үшін мемлекеттік қызмет алушылар СМАЖ-де субсидиялауға өтініш беру кезінде электрондық шот-фактуралардың құлпын ашу үшін жергілікті атқарушы органдардың ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлікті дамыту басқармаларына жүгінеді. Ауыл шаруашылығы және кәс...

    Сұрақ

    «Игілік» және «Береке» бағдарламалары аясында несие қаражатын алу үшін қай ұйымға жүгіну қажет?

    Жауап

    Несие өнімдеріне өтінімдерді қабылдау «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ филиалдары және өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары арқылы жүзеге асырылады. БАРЛЫҚ ФИЛИАЛДАР ҮШІН БІРЫҢҒАЙ CALL-ОРТАЛЫҚ - 1408ФИЛИАЛДАРДЫҢ БАЙЛАНЫС МӘЛІМЕТТЕРІ«АГРАРЛЫҚ НЕСИЕ КОРПОРАЦИЯСЫ» АҚ Абай...

    Сұрақ

    Мал шаруашылығындағы жеңілдікті қаржыландыру бағдарламаларының шарттары бойынша түсініктеме беруіңізді сұраймыз

    Жауап

    Қазақстан Республикасында мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары шеңберінде жайылымдық мал шаруашылығын одан әрі дамыту мақсатында «Жайлау» жаңа жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы іске қосылды. «Жайлау» бағдарламасы 300 бас ірі қара мал немесе 1000 бас ұсақ мал ұстайтын жаңа...

    Сұрақ

    Қазақстан Республикасының аумағында таралған аса қауіпті зиянды организмдердің тізбесінде қандай нысандар қосылған?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының аумағында таралған аса ауіпті зиянды организмдердің тізбесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4‑4/282 бұйрығымен бекітілген "Өздеріне қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге...

    Сұрақ

    Қазақстан Республикасына үшінші елдерден вакциналар мен ветеринарлық препараттарды әкелу үшін рұқсат қажет пе?

    Жауап

    Ветеринариялық препараттарды әкелуге Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ғана, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің уәкілетті органдарында тіркелген жағдайда рұқсат етіледі (тіркеусіз әкелуге тек сынақтар жүргізу үшін жол беріледі). Анықтама реті...

    Сұрақ

    Чилиден рапстың тәжірибелік тұқымдарын әкелу үшін Қазақстанның карантин қызметі қандай құжаттарды талап етеді? Чилиден рапстың коммерциялық гибридтерін әкелу үшін Иста (ISTA) сертификаты талап етіле ме?

    Жауап

    «Еуразиялық экономикалық одақта өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 318 шешіміне сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында карантиндік фитосани...