Қарыз бойынша төлемді кейінге қалдыру халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы азаматтар мен төтенше жағдайлардан зардап шеккендер үшін кемінде 3 ай мерзімге беріледі.
Қарыз алушы банкке қаржылық жағдайының нашарлағанын растайтын құжаттармен бірге өтініш бере алады. Банк оны қарауға және негіздемелер расталған кезде қарыз шартындағы өзгерістерді қосымша комиссиясыз келісуге міндетті.
Қажетті құжаттардың тізімі:
- жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама және (немесе) жұмыс орнынан соңғы 6 айдағы қарыз алушының табысы туралы анықтама немесе қарыз алушының ақшасының түсуі мен қозғалысы туралы үзінді -көшірме;
- жұмыс берушінің еңбек шартын тоқтату туралы, жалақысы сақталмайтын демалыс беру туралы актісі немесе қарыз алушының еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы анықтама/парақ
- жалақының мөлшерін және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді- көшірмені көрсете отырып, жұмыс орнынан анықтама;
- қарыз алушының жүктілігіне және баланың (балалардың) тууына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыста, сондай-ақ бала 3 жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыста болғанын растайтын құжат;
- қарыз алушының жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) ауруын растайтын еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама, сондай-ақ қарыз алушының жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) қайтыс болғаны туралы куәлік/анықтама;
- жалдау ақысын төлеу тәртібі мен мерзімдері көрсетілген нотариалды куәландырылған жалдау шарты;
- жазатайым оқиға, үшінші тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттері нәтижесінде қарыз алушыға материалдық залал келтірілгенін растайтын құжаттар (айналымдағы тауарларды немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін қарыз алушы пайдаланған өзге де мүлікті ұрлау);
- төтенше жағдайлардың басталу фактісін растайтын ресми құжаттар;
- мүгедектік туралы анықтама;
- уәкілетті мемлекеттік органның қарыз алушының шоттарын тыйым салу туралы шешімі;
- инкассолық өкім;
- сот актілері;
- қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлау фактісін растайтын өзге де құжаттар.
Қарыз алушы құжаттар мен мәліметтерді толық ұсынбаған кезде банк мерзімі өтіп кету себептерін растайтын жетіспейтін құжаттарды сұратуға құқылы.