Коллекторлық агенттік қызметкерлерінің іс-қимылы қалай реттеледі?
Коллекторлық қызмет туралы заңның 5-бабына сәйкес борышкерлермен/үшінші тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау кезінде коллекторлық агенттіктердің қызметкерлеріне қорқыту, жеке басын қорлау, бопсалау, жаңылыстыру сияқты жосықсыз әрекеттерді қолдануға қатаң тыйым салынады, сондай-ақ коммерциялық немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны жария етуге тыйым салынады
Қарыздар бойынша берешекті өндіріп алу кезінде жосықсыз практикаға жол бермеу мақсатында Агенттік коллекторлық агенттіктермен, оның ішінде оның іс-әрекеттерінде бұзушылықтар расталған кезде тиісті шаралар қабылдау тұрғысынан тиісті жұмыс жүргізеді.