Дропперлік — бұл банктік шотқа, төлем құралына не сәйкестендурі құралына қолжетімділікті заңсыз ұсыну, беру немесе иелену; заңсыз, оның ішінде материалдық сыйақыға үшінші тұлғалардың мүддесі үшін төлемдер және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру.
Аталған практика интернет-алаяқтық схемаларындағы негізгі элементтердің бірі болып табылады және ұрланған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру мен шығару үшін пайдаланылады.
2025 жылғы 16 шілдеден бастап ҚР Қылмыстық кодексіне 232-1-бап енгізіліп, соған сәйкес банктік картаны немесе шотты заңсыз бергені үшін 160 АЕК-тен басталатын айыппұл, 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе бас бостандығынан айыру көзделген.
Бұл ретте карталарды жақын туыстарға (жұбайына/зайыбына/балаларға) беруге тыйым салынбаған. Алайда дропперлік жағдайларының көбеюіне байланысты банктік карталарды пайдалануға қойылатын талаптарды қатаңдататын жаңа қағидалар енгізілген.